Қымбат көліктерді шенеуніктерге тегін таратты

Алматы қалалық Мемлекеттік мүлік департаменті түрлі мемлекеттік органдарға 92 миллион теңгенің көліктерін тегін таратты,- деп хабарлайды Orda.kz

Malim Админ

  • 30.06.2023

Алматы қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшылығы 2023 жылдың мамыр айында тәркіленген бірнеше автокөлікті мемлекеттік мекемелерге тегін таратып берген.

Мемлекеттік меншіктің электрондық аукционында ҰҚК тәркілеп әкелінген екі автокөлік жарияланды. Біріншісі 2016 жылы шыққан Toyota Land Cruiser люкс, бағалау қорытындысында көліктің жағдайы жақсы, арестте тұрғаны жазылған. Жол талғамайтын көлік 33 миллион теңгеге бағаланған, тәркіленген екінші көлік - 2021 жылғы Jeep Wrangler, 32 миллион теңгеге бағаланды. Бірақ екеуі де сатылмай, белгісіз мемлекеттік мекеменің балансына өтіп кетті.

Алматы қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көлік тұрағын түгелдей дерлік босатты. Дәл осы кезеңде құны 10 миллион теңге тұратын 2019 жылғы Nissan Qashqai кроссовері, сондай-ақ 2017 жылғы Mini Cooper (14 миллион теңге) және 2001 жылғы Lexus RX 300 көлігі де аты аталмаған мемлекеттік мекемеге кетті.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

27.03.2025

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025

Кәрім Мәсімовтің үйін сатылымға шығарды

10.02.2025

Алматы және Астанада мемлекетке қайтарылған активтер саудаға шығарылады

07.12.2024

«Тақтар ойыны» сериалындағы темір тақ аукционға шығарылмақ

07.09.2024
MalimBlocks
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ сынығы аукционда сатылды

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

Кәрім Мәсімовтің үйін сатылымға шығарды

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгені, кепілдік жарна – 117,9 млн теңгені құрайды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. 

Алматы және Астанада мемлекетке қайтарылған активтер саудаға шығарылады

Арасында өндірістік база мен жер телімдері, коммерциялық ғимараттар бар

«Тақтар ойыны» сериалындағы темір тақ аукционға шығарылмақ

Жалпы 2 мыңнан астам зат саудаға қойылмақ