Қытай Қазақстанның жүк вагондарын қабылдамай жатыр

Malim Админ

  • 12.06.2021

Қытай Қазақстаннан барған жүк вагондарын қабылдамай жатқанының кесірінен еліміздің экспортерлері мен вагон иелері үлкен шығынға батқаны жайлы шағымданып жатыр. Қытай жүк вагондарын қабылдамағандықтан, 180-нен астам жүк құрамы қозғалыстан шеттетілді. Бұл туралы бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС хабарлады.

"Биыл  11 - 20 маусым аралығында Достық станциясы арқылы әрі қарай Қытайға кететін контейнерлік жүктерден басқа барлық жүктер тасымалына мәжбүрлі түрде тыйым салынды. Ковидке қарсы қатаң шектеу шаралары кесірінен Қытай жүк тиелген вагондарды қабылдауды уақытылы жүргізбей отыр. Қазіргі таңда халықаралық түйісу нүктелерінде 180-нен астам жүк құрамы  қозғалыстан шеттетілді, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізгіштік қабілетін төмендетеді. Бұл ретте ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктері арасындағы тасымал жоспары бұрын келісілді, бұл көрші елдің келген жүкті қабылдауға дайын екендігі туралы ниетін білдірді, алайда іс жүзінде олай болмай қалды", - деді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС директоры Владимир Петров бүгін салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуде.

Қазақстан тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының бас директоры Салтанат Адамбаеваның айтуынша, шекара түбіндегі вагондардың кідіртілуі вагон иелерін шығынға батыруда: «Біз бәріміз шығынға батып отырмыз. Жолда вагондардың кешігуін болдырмайтын шектеу шараларын енгізу және айыппұл санкцияларын қарастыру мәселелерін дұрыстап шешу керек».

 «Транко» көлік логистикалық компаниясы директорының орынбасары Сергей Анашкин «Теміржол көлігі туралы» ҚР заңының 79 бабы шеңберінде жүк жеткізу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды: «Егер тасымал жоспары Қытаймен келісілген болса тасымал жүзеге асуы тиіс».

тырыста индустриалды және инфрақұрылымды даму министрлігі тасымалдаушыға жолда пойыздың кідіртілуіне жол бермейтін қажетті шектеу шараларын қабылдауға және Қытаймен арада тиелген жүктерді қабылдау бойынша жұмыстарды күшейтуге, сонымен қатар тасымалдың баламалы нұсқаларын, соның ішінде контейнерлік тасымалға көшуді қарастыруды тапсырды", - делінген баспасөз хабарламасында.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін