Сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері Тәуелсіздік монументіне келді

Алматыда саяси партия мүшелері Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараға «Nur Otan», «Jas Otan» жастар қанаты, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол», «Ауыл», «Adal» партияларының өкілдері қатысты. «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері хормен «Менің елім» әнін орындап, монументке гүл шоқтарын қойды.
«Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақстан бойынша « Jas Otan «-ның 10 мыңнан аса мүшесі желтоқсан оқиғасында қайтыс болғандардың рухына тағзым етіп, Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Азат елде тұрып, тәуелсіз елдің ауасын жұтқанымыздың барлығы әрбір қазақстандық азамат үшін басты құндылық екенін ұмытпауымыз керек», - деді «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
Кейін әр партия өкілдері монументке гүл шоқтарын қойды.
«Тәуелсіздік – ол біздің еліміз, жеріміз, тіліміз бен діліміз. Тәуелсіздік - біздің өз жолымызды өзіміз таңдау мүмкіндігіміз, келешек ұрпақтың болашағы үшін біздің жауапкершілігіміз. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Лайым осы биіктен көріне беруге жазсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Тәуелсіздік күні құтты болсын!», - деді «Ақ жол» партиясының өкілдері.
Акцияға қатысушылар саны көп болғандықтан, маска режимі мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталды. Мұның алдында бұл ескерткішке қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, қоғам белсенділері, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар гүл шоқтарын қойған болатын.
Дереккөз: inform.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.