Саудияда дәрігерлердің отбасына 133 $ мың беріліп жатыр

Сауд Арабиясы коронавирус індетімен күресіп, қайтыс болған әрбір медицина қызметкерінің отбасына 133 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлей бастады. Бұл туралы Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.
БАҚ-тың жазуынша, үкімет денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, коронавирустан қайтыс болған адамның отбасына 500 мың риял (133 мың доллар – ред.) көлемінде өтемақы төлейді. Өтемақыны мемлекеттік немесе жеке клиникада істеген, азаматтық немесе әскери салада еңбек еткен марқұмның отбасы ала алады. Билік қызметкерлердің азаматтығына да қарамауға уәде берген.
Мемлекеттік SPA ақпарат агенттігінің жазуынша, олар "Араб әмірлігіндегі азаматтар мен тұрғындардың денсаулығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмірін сарп еткен".
Билік індет басталғалы бері 8320 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі олардың арасында қанша дәрігер барын нақтыламаған.
Фото: sa24.co
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.