Шахтадағы апат. Ең соңғы кеншінің денесі табылды

Құтқару қызметі кейбір марқұмдардың денесі бөлшектеніп кеткенін жеткізді

Malim Админ

  • 30.10.2023

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі бүгін  табылды. Ол шахтер Сергей Киселев екені айтылуда.  Шахтадағы  апаттан  жалпы 46 кенші қаза тапқан. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың хабарлауынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған. Жер бетіне 205 шахтер шығарылды.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметтері қаза тапқан кеншілердің соңғысы табылды деген ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Құтқару қызметі кейбір марқұмдардың денесі бөлшектеніп кеткенін жеткізді. Төтенше жағдайлар министрі С.Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеуде.

Бұған дейін Костенко шахтасынан қаза тапқан 45 кеншінің денесін тапты. Жұмыс бір-бірінен шамамен алты шақырым қашықтықта орналасқан екі тау-кен учаскесінің аймағында жүргізілді. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов апаттың болжамды ошағын тексеру үшін шахтаға түсті.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні – 02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалды, іздеу тәулік бойы жалғасты.

Бастапқыда төрт адам қайтыс болды деп хабарланғанымен, құрбандардың нақты саны әлдеқайда көп болып шықты. Табылған 43 мәйіттің сегізі жер бетіне шығарылды, тек 5-еуі ғана анықталды.

Қарағанды, Абай және Шахтинск қалаларындағы ауруханалардың қабылдау және диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізіліп, 24 зардап шегуші ауруханаға орналастырылды. Қарағанды ​​кеншілерінің қазасына байланысты 29 қазан Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

27.04.2025

Астанадағы министрліктің үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті

25.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Танымал қазақстандық әнші АҚШ-тағы тікұшақ апатынан аман қалды

12.04.2025
MalimBlocks