Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин жансақтау бөлімінде жатыр

Сұқбат
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин жансақтау бөлімінде жатыр

74 жастағы оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин ауыр науқастанып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты  Azattyq.org   хабарлады. Саясаткердің әйелі, ақын Айсұлу Қадырбаеваның сөзінше, Қуанышалин үйде жалғыз болған.

– Кейінгі жарты жылда өзім де ауруханада жатырмын. Соңғы рет сөйлескенімде "маған ауруханаға жат деп жатыр" деген еді. "Маған қарайламай, жата бер" дедім. Бүгін серіктері телефон соғып, "есін білмей жатыр" деп хабарлады, – деді Айсұлу Қадырбаева.

Қоғам белсенділері Бибігүл Жоламанова мен Арман Иманжановтың айтуына қарағанда, Жасарал Қуанышәлинді бүгін сағат 12.00 кезінде жедел жәрдем ауруханаға әкеткен. Қазір ол Алматыдағы қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу