Сенат қаржы пирамидасын жарнамалайтындарды жазалайтын заңды мақұлдады

28 маусымды Қазақстан сенаты "қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша" заң жобасын мақұлдады. Бұл жобадағы өзгеріс бойынша қаржы пирамидасына байланысты жауапкершілік қатайып, қаржы пирамидасын жарнамалайтындарды қылмыстық жауапқа тарту көзделген.

Ақниет Аманжолқызы

  • 28.06.2022

Заң жобасын президент қабылдаған жағдайда, азаматтар қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бір мыңнан 3 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде (9,1 миллион теңгеге дейін) айыппұл салынады және үш жылдан бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 15 маусымда заң жобасын мәжіліс мақұлдаған.

Айта кетейік, сәуірде Алматы тұрғыны Бағила Досмайылова елордадағы ішкі істер министрлігі ғимараты алдында өз-өзін жағып жіберген. Осының алдында ол қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер Мейіржан Төребеков пен Мейірхан Шерниязовты қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен. Қазір екі вайнер де қамауда отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, елімізде 17 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына кіріп, 27 миллиард теңге салған

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025
MalimBlocks