Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

Malim Админ

  • 24.03.2020

Басталғанына бірнеше жыл болған адамы аз, тұрғыны тапшы өңірлерді бос қалдырмау мақсатында басталған солтүстік өңірлерге оңтүстік жақтан жекелеген отбасыларды көшіріп апару жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Қалай дегенде де, бұл көштің жүгі жеңіл бола қоймасы анық. Бұл алдымен, күн санап тұрғыны шет ел асып кетіп жатқан аймақтың қаңырап қалмауы үшін мемлекет тарапынан жасалған үлкен тәуекел деуге болады. Өйткені, қаншама адамды үймен, арнайы жәрдемақымен, квотамен, т.б. әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктерді қарастырудың артында мемлекеттік бюджет тұр. «Бос тұрған жер жау шақырады» деп, ежелден-ақ шекара маңына таяу батырлары мен бағландары қонып жататын жұрт бұдан былай да ел шетін иен қалдыруға тиіс емес.

Дегенмен, бұл уақытша қиындықтар деп қарастыру керек. Олай болатыны, қазіргі салынып жатқан қаржы, жұмсалып жатқан күш, атқарылып жатқан істің бәрі елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы үшін. «Басты капитал – адам» қағидасын ұстанатын кез келген мемлекетте жер ресурстарын, өзге де мемлекет қорғауындағы игіліктерді игеру үшін адам саны мен адам күші өте маңызды. Әрбір азаматтың салық төлеуші екенін ескерсек және еңбекке қабілетті әрбір адамның титтей де болса экономикаға үлес қоса алатынын негізге алсақ, солтүстік өңірлерге қоныстанып жатқан ел ол жаққа барып өзінің жағдайын жасап қана қоймайды, сол өңірдің тұралап тұрған, әлсірей бастаған біраз тіршілігіне қан жүгіртеді. Ал, тіршілік болған жерде қозғалыс, қозғалыс болған жерде даму болатыны сөзсіз.

Әрине, қазір кез келген қазақстандық үшін, оның ішінде әсіресе жас отбасылар үшін үй мәселесі алдынғы орында. Бұл тек солтүстікке көшіп баратындар немесе сол жақта тұратын тұрғындар үшін ғана емес, бүкіл қазаққа ортақ бір қиындық. «үй болмай күй болмайды» деп жүрген біраз жұрт үшін солтүстікке немесе шығысқа қарай қоныс аудару алдымен осы үй мәселесін шешіп беруімен құнды. Әрине, өскен, өнген жерді қиын кетуді ешкім қаламайды, дегенмен, Қазақстанның қай бұрышы да біз үшін туған дер, отан. Сол себепті, алдымен өзің үшін, отбасың үшін тәуекелге мінсең, одан кейін елің үшін жолға шықтым деп есептеуге болады. «Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» деген өкпе болмау үшін, көшуге бел байлаған оңтүстіктік тұрғындарды үймен қамтамасыз ету де оңай шаруа емес. Осыған орай, оңтүстіктен келген көштің негізгі легін қабылдап келе жатқан Солтүстік Қазақстан облысы соңғы жылдары тұрғын үй салуды мықтап қолға ала бастады. Соның негізгі қозғаушы күші – жұмыс күші тапшы өңірлерді қолдап, керегімен қамтамасыз ету мақсатында қолға лынған мемлекеттік бағдарлама болып табылады.

Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында облыста 714 тұрғын үй салынбақ. Бұл үйлердің болашақ тұрғындары Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Қызылорда облысынан көшіп келмекші. Халық тығыз орналасқан бұл өңтүстіктегі төрт облыстан бөлек, батыстағы Маңғыстау облысы да бұл бағдарламаға үлес қосуға дайын. Яғни, бірқатар тұрғындар солтүстікке қоныс аударуға дайын отыр, бұған дейін көшіп барғандары да біршама. Бұдан бөлек, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарының арасында да ат-көлігін сайлап дайын отырғандар жетерлік. Ескерте кететін бір жайт, о баста аздап тосырқап, аяғы қалай болар екен деп, күмәнмен қарап, бөгеліп қалған біраз жұрт бұл бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізген соң көбірек өтініш түсіре бастапты. Өйткені, бұл жаққа көшіп барудың игілігі үй ғана емес екені белгілі. Орнығып, жерсініп, тіршілігі жолға қойылып, реттеліп алғанша кім кімге де көмек қарастырылған.

СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері берген мәліметке сүйенсек, отбасының әр мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде субсидия төленеді. АЕК-тің биылғы мөлшері 2 651 теңге екенін ескерсек, бұл субсидия 90 мыңнан асып жығылады. Бір отбасында орташа есеппен 5 адам болады десек, 500 мыңға жуық бір реттік көмек те әжептәуір демеу.

«Отбасының әр мүшесіне 35 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындары өтеледі. Бұл төлем отбасы құрамы мен қоныстану орнына байланысты. Мысалы қалада 20-30 АЕК, ауылдық жерде 15-21 АЕК төленеді. Қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар төленеді. Яғни, 5 адамнан артық қабылдаған жұмыс берушіге әр адам үшін 450 АЕК – 1 млн 192 мың теңге беріледі. Қажет болған жағдайда техникалық және кәсіптік білімі бар және қысқа мерзімді кәсіби курстарға жолдама қарастырылған. Сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсетіледі», - делінген мәліметте.

Ерекше көңіл аударуға тиіс бір мәселе – тек қоныс аударушылар ғана емес, оларға жұмыс орнын ұсынушы кәсіпкерлерге де қолдау білдірілмек. Демек, бұл бағдарлама бұдан кейін жыл санап екпін ала түседі деп болжауға болады. Өйткені, сол жаққа барып орныққан тұрғындар арасында кәсіп іздеп барғандар да аз емес, солар алдағы уақытта кәсібін дөңгелетіп, айналымға келіп алған соң, жұмыс берушіге айналады. Демек, олар да солтүстікке көш бағдарламасын дамытуға үлес қосады.

Әрине, тегін жатқан дүние жоқ. Салынған үйлер жеңілдікпен, сатып алу құқығымен жалға беріледі. Әрине, ипотекалық бағдарламалардан әлдеқайда айырмашылығы бар. Бұл мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан үйлерді жалға берді дегеннен гөрі әлеуметтік бағдарлама аясында берілді деген дұрысырақ болар. Өйткені, оған төленетін ай сайынғы төлем әр отбасының жағдайына, табысына қарап бекітіліп жатқаны мәлім. Былтыр дәл осындай мақсатта СҚО-ға қоныс аударушылар мен оралмандар үшін салынған 428 үй пайдалануға берілген. Бұл үйлер әр ауданға, әр аймаққа бөлініп салынған. Бұл шаруа биыл да жалғасын табады. Әр аудан бойынша салынатын барлығы 714 тұрғын үйдің иелері қазірдің өзінде анықталып қойылған деуге болады. 2020 жылы өңір бойынша 1465 адамды қабылдауға дайындық басталып кеткен. Өйткені, өңірлік квота бойынша жұмыс күші жеткілікті өңірлерден келетін адамдар саны осыған сәйкес келеді. Бұл 413 отбасы солтүстікке жаңадан қоныстанады деген сөз.

Айта кету керек, былтыр солтүстік жаққа жалпы саны 736 отбасы, яғни, 2223 адам қоныс аударған.

Байланысты жаналықтар

Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

21.11.2024

21 мың адам. СҚО-дан халық үдере көшіп жатыр

12.11.2024

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

11.11.2024

Солтүстікке қоныс аударушылар үшін 7 мың квота бөлінді

31.10.2024

СҚО-да 5 мың адам әлеуметтік көмектен қағылған

22.10.2024

СҚО тұрғынының 250 мың долларын алдап алған астаналық сотталды

17.10.2024
MalimBlocks
Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

Жеңіл көлік рулінде 1987 жылғы ер адам болған

21 мың адам. СҚО-дан халық үдере көшіп жатыр

Өңір халқы шамамен 5,5 мың адамға азайып кеткен

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, тастардың үйіндісіне  соғылған

Солтүстікке қоныс аударушылар үшін 7 мың квота бөлінді

СҚО-да 5 мың адам әлеуметтік көмектен қағылған

2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп жатыр

СҚО тұрғынының 250 мың долларын алдап алған астаналық сотталды

Қаржыны мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына беремін деп алып кеткен