Шығыс Қазақстандағы өрт 700 га жерді шарпыды

Malim Админ

  • 07.09.2022

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 700 гектарды  шарпыған өрттің беті қайтпай жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шыққан.

Қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетті.

«Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, ыстық ауа-райына байланысты облыста өрт қаупі әлі де жоғары.  Еске сала кетейік, кеше Алтай ауданындағы дала өртінің жалпы ауданы 400 гектар болды.  

Байланысты жаналықтар

Журналистің көлігін өртеген адам ұсталды

23.02.2023

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

01.02.2023

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

12.12.2022

Мағауиннің ауылы өртеніп жатыр. Билік үнсіз

08.09.2022

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

07.09.2022
MalimBlocks
Журналистің көлігін өртеген адам ұсталды

Екі айға қамауға алынды

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

Мұз қалыңдығы 22-25 сантиметр

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.

Мағауиннің ауылы өртеніп жатыр. Билік үнсіз

Бір өрт сөндіруші қаза тауып, үшеуін күйік шалып, жан сақтау бөліміне түсті

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

Ол от жаққанын мойындады