Шымкентте такси жолаушысынан аса ірі көлемде «синтетика» тәркіленді

Есірткіні қалааралық такси жолаушысы Алматыдан алып келе жатқан.

Malim Админ

  • 05.03.2024

Шымкентте полиция такси жолаушысынан құны 30 млн теңге болатын «синтетика»тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Ақпаратқа сәйкес, аса ірі көлемде синтетиканы қалааралық такси жолаушысы Алматыдан алып келе жатқан.

«Жігіттің күдік тудырған әрекеттері туралы полицияға жүргізуші хабарлады. Бұл туралы сезіктенген есірткі курьері жақын маңдағы бағдаршамда көліктен шығып, белгісіз бағытта бой тасалаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның көліктің жүк салғышында қалған сөмкесінен үлкен орама ішінде ұнтақ салынған үш пакетті тапты. Сараптама тәркіленген заттың массасы 1,5 келіге жуық мефедрон психотроптық есірткі екенін растады», - делінген хабарламада.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні Алматы қаласының аумағында анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен