457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теміртауда газ баллоны жарылып, балалар зардап шекті

Төтенше жағдай бүгін болған

Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 7 адам, оның ішінде 5 бала ауруханаға жеткізілді.  

Төтенше жағдай бүгін, 13 наурыз сағат 13:56-да болған.

«Теміртау қаласындағы өрт туралы хабар түсті. 6-шы шағынауданда бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейіннен жану орын алған. Өрт Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен сағат 14:19-да сөндірілді. Жалын 6 шаршы метр аумақты от шарпыды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

Пәтерде болған 7 адам, оның ішінде 5 бала әртүрлі дәрежедегі күйік жарақатын алды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, оқиға салдарынан пәтер аралық қабырға, пәтердің сыртқы есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған.