«Tolyq Adam» жастар байқауы жеңімпаздарын марапаттады

Алматы қаласында 300-ге жуық адам қатысқан «Tolyq Adam» байқауының гранд-финалы өтті.

Malim Админ

  • 09.08.2023

Абай күні мерекесі қарсаңында ұлы ойшылдың «толық тұлғаның ең негізгі қасиеттері – әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, адамның үнемі жетілдірілуі және білімге ұмтылу»  деген ілімін жастардың бойына сіңіру керек деген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясын қолдау мақсатында «Tolyq Adam» байқауы өтті. Жалындаған жастарға өз жобаларын жүзеге асырып, оларды жария етуге арналған байқау еліміздің экономикасын дамытуға, сондай-ақ шығармашыл адамдарды біріктіріп, олардың идеяларын қолдауға және іске асыруға серпін беруге арналған.

Сондықтан байқау ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің стартаптарымен және бейнеконтенттерімен бөлісуге, режиссерлер мен бейнемейкерлер өздерінің бейне жобаларымен қатысты. Жүлде қоры екі жеңімпазға арналған 6 млн  теңгені құрады.

Байқау жарияланған мамыр-маусым айларында 1800-ге жуық адам конкурсқа қатысуға ниет білдірген.  Оның арасынан 20 адам ғана талаптарға сай болып, олар өздерінің сүйікті Dudeontheguitar, Bonapart, Introvert, Colorit, Akim әртістерінің қойылымдарын көруге, сондай-ақ фотосуретке түсіруге болатын интерактивті аймақтар, ұлттық стильдегі боди мен фейсарт, сондай-ақ қолөнермен айналысу мүмкіндігін алды.

Іс-шараны Виталий Бужан мен Kaizen Center қолдап, жеңімпаздарға құнды сертификаттар берді. Одан бөлек іс-шараға белгілі кәсіпкерлер – Дамир Аманжолов, Гүлбану Майгарина, Zheka Fatbelly, Маржан Өтеген, Сабина Бейс, Айторе Жолдасқали, Мейіржан Самалбек, Исламбек Шәріпов және басқалар қатысты. Сонымен қатар, байқаудың гранд-финалына «qamqor Charity» қоғамдық қорының төрағасы Бағдат Бекболатқызы Анарбаева және Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.

Байқау қорытыныдысы бойынша ұсынған жұмыстары көрермендер мен тәлімгерлерді таң қалдырған 3 жеңімпаз Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан. Олар: ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту, еліміздегі мультипликациялық индустрияны дамыту және ауылдардағы жастар мен балаларды дамыту үшін мүмкіндіктер жасау бағытындағы жобаларымен жеңімпаз атанды.    

Байланысты жаналықтар

Тағылымы терең өнер байқауы

29.02.2024

Кітапқұмар балалардың республикалық байқауы аяқталды

02.11.2023

Қойшыларға tik-tok түсіртіп, жарыстырмақ

19.12.2020
MalimBlocks
Тағылымы терең өнер байқауы

«Наурыз мерекесінің алғашқы көрінісі саналатын «Ұрпақтан ұрпаққа» атты бұл байқаудың отбасылық тәрбиеде мәні зор

Кітапқұмар балалардың республикалық байқауы аяқталды

Цифрлық дәуірде  балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру маңызды

Қойшыларға tik-tok түсіртіп, жарыстырмақ