Тонаушылардан қауіп төніп тұр. Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан кете ме?

Көшелерде түрлі топ арасында қақтығыстар басталып, оқ атылған

Malim Админ

  • 13.02.2023

Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған  құтқарушылар елден кете бастады. Оған  тонаушылардың әрекеті  әсер еткен.  Президент Режеп Тайып Ердоған үкімет тонаушылар мен басқа да қылмыскерлерді қатаң түрде жазалайтынын мәлімдеді.

Атап айтқанда, Израильдің United Hatzalah іздестіру-құтқару тобы осы топқа қатысты «қауіпсіздікке елеулі қатер» төнгендіктен, алты күннен кейін Түркиядан кетіп қалған. Бұл жөнінде  The Times of Israel жазды.         

Түркия Әділет министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінен  кейін қарақшылар пайда болған. Олар дүкендерді тонап, қаза тапқандардың бағалы заттарын қолды қылды. Сондай-ақ, көшелерде түрлі топтар арасында қақтығыстар басталып, оқ атылған.

Сонымен қатар, Австрия қарулы күштерінің өкілдері де Түркиядағы жер сілкінісі аймағындағы қауіпсіздіктің жоқтығына алаңдайтынын жеткізген.  Қарулы тонаушылар тобының және мерзімді атыстардың салдарынан әскерилер мен құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен кетіп жатқандарын мәлімдеді.

Екі неміс көмек ұйымы да зілзаладан зардап шеккен Түркияда қауіпсіздікке алаңдаушылық пен адамдар арасында қақтығыстар, атыс болғаны туралы хабарларды алға тартып, құтқару жұмыстарын тоқтатқан.

Тонау  жағдайларына байланысты  қазақстандық құтқарушылар да Түркиядан кете ме? Бұл сауалға Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов жауап берді. Оның айтуынша, біздің құтқарушылар апат аймағындағы өз аумақтарында тонаушыларды кездестірмеген. 

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған мамандар тәулік бойы екі ауысыммен үш учаскеде жұмыс жүргізуде.

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек