Тоқаев Цойға ескерту жасады

Malim Админ

  • 01.04.2021

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты өтіп жатқан жиында президент Тоқаев вакцинация өте баяу жүріп жатқанын айтып, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ескерту жасады.

"Иммунизация қарқыны бойынша көшбасшы мемлекеттерден арттамыз. Бүгінде иммунизациядан 47 мың адам ғана өтті. Мұның себебі – вакцина жетіспей жатыр. Үкімет "Спутник V" вакцинасы бойынша келісім бар, отандық вакцинаны шығару елдегі вакцинацияны толыққанды қамтамасыз етеді деп сендірді. Осы ақпаратқа  сүйеніп 1 ақпанда елде жаппай вакцинация басталады деп хабарладым. Екі ай өтті, халықтың небәрі 0,1 пайызына ғана вакцина салынды. Енді басқа мемлекет басшыларымен вакцинаны қосымша тасымалдау туралы келісуге мәжбүрмін. Біз вакцинаны тезірек әкелу үшін  тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға көнуге мәжбүр болып жатырмыз", - деді президент.

Тоқаев вакцинация ең алдымен ел қауіпсіздігінің мәселесі екенін айтты. Ол баяу жүрген жерде ауру жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші артып, бизнес шығынға батып, бюджетке салық аз түсетінін мәлімдеді.

Тоқаев мәселе шешілмесе, Алексей Цой отставкаға кететінін меңзеді.

"Алексей Владимирұлы, денсаулық сақтау министрі – үкіметтегі маңызды лауазымды тұлға екенін бұған дейін айттым, сізде ерекше өкілет бар. Жұмысты жақсы бастаған едіңіз, артынан бәсеңдетіп жібердіңіз. Сәуірде ахуалды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе сіздің көңіліңізді қалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Бұл денсаулық сақтау министрі ғана емес, бүкіл үкіметке қатысты нәрсе", - деді Тоқаев,

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді