Түркістан облысы жылды табысты аяқтады

Malim Админ

  • 17.11.2023

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Бұл үрдіс демографиясы жоғары Түркістан өңіріне оң ықпалын тигізуде. Өйткені, өңірде ауылдар саны көп. Олардың бәріне әкімдерді ел өзі таңдап жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», - деген болатын. Осыған орай, Үкімет биылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды қолға алған еді. Мәселен, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 2023 жылдың 14 мамырында Арыс қаласы мен Сарыағаш, Сауран, Созақ аудандарының 5 ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтіп, сайлау қорытындысы бойынша сайлауға қатысқан сайлаушылардың көпшілік дауысымен Арыс қаласы "Дермене" ауылдық округі әкімі лауазымына Алдияр Шамшидинұлы Құрманходжаев, Сарыағаш ауданы "Дербісек" ауылдық округі әкімі лауазымына Дәулет Сабырұлы Артықбай, Сарыағаш ауданы "Жарты төбе" ауылдық округі әкімі лауазымына Абай Зайдинұлы Әшіров, Сауран ауданы "Жүйнек" ауылдық округі әкімі лауазымына Төребай Асқарұлы Әбдікәрімов, Созақ ауданы "Қарақұр" ауылдық округі әкімі лауазымына Ғалым Абдрашұлы Бимендиев сайланды.

Ауыл әкімдерін сайлаудан бөлек, референдум да жоғары дейңгейде өтті деуге болады. Осыған байлааныс біз Түркістан облысы тұрғындарының пікірін білген едік.

-Референдум – маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Референдумда республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтыруды енгізу, Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешеді.

Қазақстан тарихында 2022 жылғы 5 маусым айрықша мәні бар тарихи оқиғамен есте қалды.  Дәл осы күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтті. Жаңа Қазақстанды қалыптастыратын, елдің ертеңін жарқын ететін, Екінші Республиканың іргетасын қалайтын өзгерістер дәл осы жаздың 5 маусым айынан басталды. Бүкілхалықтық референдум –  Қазақстандағы өзгеше оқиға, әділеттілікке, шынайылыққа, өрлеуге, жаңаруға жасалған жасампаз қадам.

Референдумға Түркістан жұртшылығы аса дайындықпен атсалысты. Дауыс  беруге біркісідей қатысып, ерекше белсенділік танытты. Мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан құру жолдындағы өз таңдауларын жасады. Дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскесіне асыққандар қарасы өте қалың болды. Сайлаушылар өздеріне сенімді және нені қалайтындықтарын  анық  білді. Өйткені, бұл  референдумның тарихи мән-маңызы ол тұтастай ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді көптің талқысына шығарып, сол арқылы халықтың мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіздерін орнықтыру болып табылды. Себебі, бұл реформалар халқымызға мемлекетті басқару ісінде кең мүмкіндіктерге ие болуға жол ашты.

 Түркістан облысында саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтар саны басқа өңірлерге қарағанда өте көп болды. Сондай-ақ Түркістан облысының кейбір аудан-қалаларында   шашу шашылып, мерекеге айналды.  Бірі домбыра тартып,  көптің көңілі көтерілді. Демек бұл күн Түркістан жұртшылығы үшін ғана емес, еліміз үшін атаулы мереке.  Жақсылықтан үміт күтер ерекше күн болғаны сөзсіз. Қалың жұртшылық осы күні зор жауапкершілік танытып, отансүйгіштік қасиеттерін паш етті. Түркістан облысы – еліміздегі халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ. Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтардың саны да өзге өңірлерге қарағанда көп. Референдумға 1 млн 163 мың тұрғынның 80 пайыздан астамы  қатысып, таңдауын жасады. Осылайша,  Түркістан облысы халық белсенділігі жағынан республикада бірінші орынға шықты. Жалпы Референдумға дайындық кезінде облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 1500-дей кездесу өткізді. Оған 180 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Өңірдегі 914 сайлау учаскесінде 6500 бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады.

Алғашқы референдумдар тұсында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары болған соң қандай өзгеріс болады деп күтті. Өйткені бодандықтан енді босаған біздің халқымызда бардық өзгерістер тәуелсіз елдің дамуы үшін жасалады деген сенім басым болды.

Референдумнан кейін Мемлекет басшысы Үндеу жасады.

«Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып,  өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді. Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мен үшін осы жолғы референдумның жөні бөлек болды. Отбасыммен бірге қатысып, өз елімнің, жерімнің патриотты азаматшасы ретінде Қазақстанның іргетасын қалауға бағытталған алғашқы қадамымды жасадым. Мен тұрған өңірде Референдум өте жоғары деңгейде өтті. Ешкімді мәжбүрлеп, дауыс беруге шақырып жатқан жандар емес, керісінше халық өз таңдауларымен, өз қолдауларымен Референдумға ағылып келіп жатты. Қазыналы қарттар халыққа ақ жарма тілегін жолдады. Мен секілді  көп балалы отбасылар бала-шағасын ертіп барып, бұл саяси науқанның тұтас ел үшін, оның кішкене бөлшегі – өздері үшін де аса маңызды екенін ұғына білді.

 Осы арқылы ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсетті.

 Ендігі жерде біз Қазақстанның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін демократиялық құндылықтар мен қағидаттарды қоғам талабына сай белсенді түрде енгізуді жалғастыруымыз қажет, -дейді Балнур Сапиева.

-Еліміздің болашағына әрқайсымыз үлес қоса аламыз. Мұны соңғы жылдары жүзеге асқан маңызды саяси реформалар дәлелдеп берді. Былтыр 5 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер енгізуге орай референдум өткізу туралы ұсынысымен, 27 жылдық үзілістен кейінгі тәуелсіз ел тарихында екінші референдум өткізілді. Референдум дегеніміз мемлекет үшін аса маңызды мәселенің шешілуіне азаматтардың дауыс беру арқылы үн қосуы. Жалпыхалықтық референдумда Түркістан облысының тұрғындары белсенділік танытты. Сайлаушылардың 81 пайызы қатысып, республика көлемінде референдумға қатысушылар санынан еліміз бойынша көш бастады. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1 млн. 163 мыңдай адам референдумға қатысуға құқылы болса,  оның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келді. Дауыс беру жағынан Бәйдібек, Отырар, Созақ пен Төле би аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. 6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Референдумға дайындық жақсы жүргізілді. Қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Оған 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Осылайша жерлестеріміз саяси реформалардан үлкен үміт күтетіндерін аңғартты. Бүгінде бұл реформа жемісін беріп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде референдумнан кейін саяси реформалар жалғасатынын жеткізді.

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн.

Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс.

Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет.

Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым.

Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз» деді ел Президент.

Референдум нәтижесінде Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау, ауыл, аудан әкімдерін сайлау жүйесіне өзгеріс енгізілді. Жаңа есімдер елге таныла бастады. Әсіресе жастарға, әйелдерге арнайы квоталар бөлініп, сайланбалы органдарда жұмыс істеулеріне мүмкіндіктер молайды. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауы бұл Қазақстанның егемендік алғалы бері өткізілген жетінші президенттік сайлауы болды. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны сайлау екені белгілі. Бұдан басқа аралас сайлау үлгісі арқылы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да өзгерістер енгізілді. Биыл өткен сайлауда бұл жүйе өзін толық ақтады дейді сарапшылар.  Бұл – елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіріп, демократияландыруға бағытталған ерекше қадам Бұған дейін жүзеге асқан партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы деуге болады. Мажоритарлық жүйе бойынша әрбір өңір Мәжіліске кемінде бір депутат сайлауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Мұндай қадам жергілікті ортада бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға жол ашты. Оған Түркістан облысында өткен саяси науқандар дәлел болады. Мықты азаматтарға жол ашылып, билік пен бұқара арасында диалог нығая түсті.

Ел Президенті  VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында алдағы жоспарларды бекітті.

 

«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды. Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты. Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз.

Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет», деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 2015 жылдан бері экскурсовод болып қызмет атқарып келемін. Түркістан қаласының тумасы ретінде қаламызға келген туристердің артып жатқаны қуантады. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер де әдеттегіден көп. Әсіресе шетелдік келушілердің қызығушылығы ерекше. Әзірет Сұлтан кесенесінің еліміздің тарихы мен рухани өмірінде маңызды орын алатыны айқын. Кесене ішінде көптеген хан-сұлтандар мен батырлар, игі жақсылар жерленген. Археологиялық және сәулет ескерткіштерінің толық кешені болып саналатын мұражай қорығы –Қазақстанның ортағасырлық тарихының өзіндік нышаны. Қорықтың негізгі нысаны –ХIV ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші, халық арасында әулие Әзірет Сұлтан – Әулиелердің сұлтаны ретінде белгілі болған түркі тілдес халықтарының рухани тәлімгері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Бұл бүгінгі дейін жеткен орта ғасырлардағы жалғыз сәулет ескерткіш. Қазақстан тарихының алғашқы ескерткіші 2000 жылы маусым айында ЮНЕСКО Бүкілдүниежүзілік мұра тізіміне алынған. Бұдан басқа қорыққа біріктірілген тағы сегіз мұражай ескерткіштері кіреді. Олар Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, «Қылует» жер асты мешіті, «Жұма мешіті» мұражайы, «Шығыс моншалары» мұражайы, Түркістан қаласының тарих мұражайы, Археология және этнография мұражайы, Рабия Сұлтан Бегім мұражай кесенесі, «Түркістан қаласы көшесі» мұражайы. Мұражай құрамына жүзден аса тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және сәулет ескерткіштері кіреді. Қорда 25 мыңнан астам экспонат пен 5 мыңнан астам ғылыми кітап сақталған.

Біздің өңірімізде бұл кесенеден бөлек Бәйдібек жеріндегі «Домалақ ана», Сайрам жеріндегі «Ибрахим ата», «Қарашаш ана», Отырардағы «Арыстан баб», Сауран ауданындағы «Үкаш ата» кесенесімен қатар Сауран қалашығы, Отырар қалашығы сынды тарихи орындар жеткілікті. Оның басым көпшілігі республикалық мәдени мұралар қатарында болса, кейбірі ЮНЕСКО-ның тізіміне енген. Жақында ғана Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман зиярат жасады. Құрметті қонақты «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығының директоры Мәулен Садықбеков қарсы алды. Зиярат барысында Фаджрул мырза Ясауи кесенесін, Қылует жерасты музейі мен Шығыс моншасын аралап, шет тілінде экскурсия жасадым. Мұқият тыңдаған ол таңданысын жасырмады. Жалпы осындай жұмысым өзіме ұнайды. Төл тарихымызды тәуелсіз ел ұрпағына мұра етуге алтын көпір болғаным қуаныш сыйлайды. Азаттығымыз мәңгі болсын!,- деді Салтанат есімді Түркістан облысының тұрғыны.

Саяси реформаларға қатысты Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Жамалбеков былай дейді.

«Соңғы жылдары елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен маңызды саяси реформалар жүзеге асырылуда. Саяси өзгерістерді Түркістан облысы тұрғындары да сезінуде. Биылғы наурыздағы сайлау нәтижесінде аймақта бәсекеге қабілетті мәслихаттар қалыптасты. Біз халықпен кездесулерде сайлау жүйесін, өзгерістерді тұрақты түсіндіріп жүрміз. Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары да өз деңгейінде еңбек етуде. Бір ерекшелігі – сайлаушылармен байланыс күшейді. Әрбір депутат ел алдында тұрақты түрде есеп беруде. БАҚ-пен байланыс орнату, ашықтық талап етілді. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратпен бөліскелі отырмыз.

Депутат – ең әуелі ол халықтың қызметшісі. Оның міндеті алық арасында болып олардың арасындағы өзекті мәселелерді зерделеп нақты шешілу жолдарын қарастыру болып саналады. Мен 8 шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір  мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, сайландым. 

Жалпы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Сайрам  ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізсем, оған қоса  4 рет  шалғай елді-мекендерде қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы саны 47 азаматтың талап-тілектерін тыңдадым. 

Қабылдау нәтижелері бойынша жалпы саны  14 депутаттық сауал жолдаған болсам, соның ішінде Қазақстан Республикасы индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Т.Абдуалинге -1, Түркістан облысы әкімінің орынбасарына-4 рет  сауал, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына-3 рет, Сайрам ауданының әкіміне – 2 сауал және өзгеде басқармаларға-4 сауал жолданды.

Солардың ішіндегі ең өзектіліеріне тоқталып өтсем.

Ағымдағы  жылы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген болатынмын.

 Қабылдау барысында түрлі мәселелер көтеріліп, біршама ұсыныстар түсті. Соның ішінде ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің  тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұрауда.

Өздеріңізге белгілі Сайрам ауданы тоғыз жолдың торабы болған Жібек жолы даңғылының бойында орналасқан бір жағы республикалық маңызы бар жол, бір жағынан темір жол өткелі өтіп, қатынас тоқтаған емес. Ауданда 250 мыңға жуық халық тұрса, тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемі тар болуына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» авто жолы арқылы өткізіп, жайылымдық жерге апарып, мал жаюда. Алайда аталмыш жолда мал өткелінің болмауына байланысты көптеген жол-көлік оқиғалары орын алып, қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Соған қарамастан  экспорты бойынша республикамызда көш бастап тұрғын аудандардың бірі. Бүгінде, бұл уақыт күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

Осыған орай, мәселенің өзектілігін ескере отырып, шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автожолы бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына мал өткелдерін салуға ықпал жасап, мәселені оңтайлы шешіп беру үшін,  Қазақстан Республикасы индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасына жолданды.  Оған қоса, жыл басында біршама басқармаларға Қарасу ауылындағы Ақбай каналының мәселесін айтып, күрделі жөндеу қажеттілігі туралы сауал жолдаған болатынмын. Сәйкесінше Қарасу-Ақбай каналына бюджеттен 131 млн. теңге қаралып, 6 км канал күрделі жөндеуден өткізілетін болды.

Жалпы маған қарасты Сайрам ауданында ауылдардағы күрделі мәселелердің жыл басында  арнайы картасы жасалып барлық мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдап, тұрақты бақылауда тұр.

Ал, Сайрам ауданыың әкіміне Жібек Жолы, Құрлық, Сиқым  ауылдарына қатысты  жолдаған сауалдарыма сәйкес;

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Европа» автомобиль жолына сергек бейне бақылау камерасын орнатуды сұранып Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына 15.03.2023ж №229-33/04-36/4321 санды хат жолданса,. Сонымен қатар, 2023 жылы ауыл аумағында тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруға 16 млн теңге қаржы қаралған.

   Жібек жолы елді мекендегі ауыз құбырларын ауыстыру үшін  жоба сметалық құжаттары дайындалып құрылыс жұмыстарының құны  232,0 млн теңгегні құрады.  Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы   «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і, мекемесі анықталған. Құрылыс жұмыстарына  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан 100,0 млн тенге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сиқым елді мекеніндегі Ауыз су мұнарасының сиымдылығы 60 куб м.  ауыл тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Ал су ұңғысын қазуға  Жібек жолы және Сиқым ауылдарында  жер асты су көзіне іздеу барлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыз  су қоры анықталмағанын жеткізіп отыр. Жалпы жоғарыда жолдаған сауалдар арқасында көптеген түйіткілді мәселелердің түйіні шешіліп отыр.

Жалпы біз «АМАНАТ» партиясы атынан сайланғандықтан өзіміздің және партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде жұмыстарды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ партиялық жобалар негізінде іс-шаралар өткізудеміз.

Сондай жобалардың бірі «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» жобасы. Бұл – партияның ең ұтымды және халыққа етене жақын жобаларының бірі. Жоба аясында ағымдағы жылдың тамыз айында Сайрам аудандық сотының төрағасы мен Сайрам ауданы прокуратура өкілдері, заңгерлер және адвокаттармен бірлесе арнайы қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарға заң аясында кеңес бердік. Және бұл үрдіс тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ

Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер береді.

 Жұмыссыздықты және ауылдық елді мекендердегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру, ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс санын ұлғайту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылатын болады: 

       Өсімдік шаруашылығын дамыту;

       Мал шаруашылығын дамыту;

       Құс шаруашылығын дамыту;

       Балық шаруашылығын дамыту;

       Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;

       Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында төрт ауылдық округіне жылдық жоспар 266 жоба қойылған. (Облыс деңгейінде берілген жоспар 266  жоба) «Ырыс» МҚҰ-на өтініш білдіруі тиесілі болатын. Бүгінгі күнге 200 азамат жобасы (1 057 150 мың теңге) дайындалып ұсынылған. 

Оның ішінде:155 жоба (884 375 мың теңге) мақұлданып,  113 жоба 643 225 мың теңге) қаржыландырылды.

6 бағыт бойынша тұрғындар  тарапынан 5 жоба ұсынылып, оның ішінде 4 жоба мақұлданылған. 1 жоба қаржыландырылған.

Балық шаруашылығы ашу бойынша 4 жоба ұсынлып соның  1 жобасы құжаттары жинақталуда, 3 жобасы мақұлданған, 1 жоба қаржыландырылған.

        Әлуметтік көмек алушылар бойынша (АСП) 5 жоба ұсынылып, 5 жобада мақұлданған, соның 4 жобасы қаржыландырылған.

Ауыл округтері кесінідісінде:

Ақбұлақ ауылдық округі бойынша  41 азамат құжат тапсыру тиесілі болса қазіргі таңда 45 жоба дайындалып ұсынылған. Оның ішіде 32 жоба мақұлданып, 24 азаматтың жобасы қаржыландырылған. 8 жоба «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақталуда.

Жібек Жолы ауылдық округі бойынша 41 азамат құжат тапсыру керек болса қазірігі таңда  41 жоба дайындалып мақұлданған. 32 азаматың жобасы қаржыландырылған. 9 азамат жобасы «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақалуда.

 Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша 65 азамат өтініш білдіруі тиісті болса қазіргі таңда 43 жоба ұсынылған. Оның ішінде 26 жоба мақұлданып, 15 жоба қаржыландырылған. 11 жоба «Ырыс»МҚҰ-да 2 данадан жинақталуда.

Көлкент ауылдық округі бойынша 119 азамат өтініш білдіруі тиісті болса, қазіргі таңда 71 жоба ұсынылып, 56 жоба мақұлданған. 42 жоба қаржыландырылған. 14 жоба «Ырыс»МҚҰ-да. 2 данадан жинақталуда.

«ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША

Сайрам  ауданында тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының Жер басқармасының жоспарлық тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданына 5000 га жайылым жер қайтару жоспарланған.

Қәзіргі таңда 2074 га жайлым жер қайтарылды. Алдағы уақытта жылдың соңына дейін қайтарылады.

«АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық  филлиалы Саяси кеңесі Бюросының 08.06.23 жылғы №007РQ қаулысымен «АМАНАТ» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы  бекітілген.  Жол картада жалпы 4 бағытта  55 іс шараны орындау  айқындалған.

Сайрам ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға ауданда жоспарланған 55 іс-шараның 2023 жылы орындалуы тиіс  54 іс-шараның ағымдағы жылдың 7 айынд 14-і (25,9%) орындалды, 40-ы (74%) орындалу үстінде, жыл қорытындысымен толығымен орындалады.

Бағыттар бойынша тоқталсақ.

«АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ»  бағытында 21 іс шара қамтылған. 2023 жылдың 7 айында  9 іс-шара орындалды, 12-сі орындалу үстінде.

Ауыл шаруашылығын дамыту іс шарасы бойынша ауыл шаруашылығы өнім көлемін 133 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып, есепті кезеңде 41,5 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7% құрады. Жылдық жоспар 31%-ға орындалған.

Егін шаруашылығында 1,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, НКИ 106,2%. Биылға 52 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  орналастырылды.

Жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша ағымдағы жылы                16 гектар жерге жылыжай салу жоспарланып, нақты 10,26 гектар жылыжай іске қосылып, жоспар  62,8%-ға орындалды. Нәтижесінде барлық жылыжайлар көлемі 68,7 гектарды құрады.

Жыл басында тамшылатып суғару әдісі 24 агроқұрылымда 529 гектарға ендірілген болатын, биылғы жылы 100 гектарға ұлғайту жоспарланған.  Ағымдағы жылдың 7 айында 55 агроқұрылымда қосымша 96,84 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 99%-ға орындалды. Нәтижесінде тамшылатып суғару әдісі енгізілген жер көлемі 625,8 гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытында 125 дана техника алу жоспарланып 68 дана техника жаңаланып, жоспар 54,4%-ға орындалды.

10-15 басқа арналған шағын бордақылау алаңдарының саны  52 алаңға жетіп,  жоспар 104 %-ға орындалды.

Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда.

Агроөнеркәсіп кешені саласында жыл басынан  8 инвестициялық жобалар іске қосылып, 55 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда: 

- «Gen Group Kazakhstan» ЖШС “Фермерлік жылыжай құрылысы». Жобаның құны 1056,1 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны  30 адам;

- «БББ и К» ШҚ-ның  «1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы» жобасы. Жобаның құны 450,0 млн.тңг.  Ашылған жұмыс орны 5 адам. 

- Жалпы өндірістік қуаты 450 мал басына  арналған («Умарали ата-2» ШҚ; «Шкрулла» ШҚ; «Бахтияр» ШҚ)3 тауарлы сүт фермасы іске қосылған. Жобалардың жалпы құны 680 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 12 адам. 

-Жалпы құны  45,0 млн.теңгелік, өндірістік қуаты  тәулігіне  9 тонна сүтті қайта өңдейтін  3 бірлік  цех іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 8 адам. 

Іске асқан жобалар нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 3,2 млрд.теңге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 26,4 %-ға артқан.

Жаңа жұмыс орындарын құру іс шарасына сәйкес Ұлттық жобалар бойынша бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2023 жылға 9712 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 7 айда 2519 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бастамасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу іс шарасына сәйкес  1166  жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған,  7 айда 1870 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар артығымен орындалды.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша жұмыспен қамту бағытында биылғы жылы жобаға 7272 азаматты тарту жоспарланып, 7 айда 5986 азамат жобаға қатысты, жылдық жоспар 82%-ға орындалды. Жыл басынан 693 адам жастар практикасына, 1734 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 447 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 241 адам алғашқы жұмыс орындарына жолданған. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 54 азаматқа         74,5 млн.теңге мемлекеттік грант берілсе, жастарға жеңілдетілген шағын несие 4 адамға берілді.

Кәсіпкерлерді қолдау іс шарасына сәйкес «ҚР 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту  жөніндегі» Ұлттық жобаның «Шағын  және орта  кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағыты аясында 72 кәсіпкер  419,0 млн.теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде  "Ырыс" МКҚҰ -нан 27 кәсіпкерге әртүрлі бағытта 290,0 млн теңге көлемінде несие берілген.

Кәсіпкерлікті қолдау картасын іске асыру аясында                                    4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда "Gen Group Kazakhstan" ЖШС-гі іске қосылды, "Наурыз -5" ЖШС жеміс-көкөністі қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу цехы іске кезең-кезеңмен қосыла бастады. Манкент ауыл округінен 2 жобаның қосылу жоспарлануда («Samid  Master»  ЖШС, «Туран Агро ет-сүт»  АШӨК)

Туризмді дамыту іс шарасы бойынша. Сайрам ауданы  Шымкент қаласына жақын орналасуына және  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аудан орталығына жақын болуына  байланысты  ойын сауықтыру (жазғы маусымдық бассейн)  және емдік сауықтыру  және  мәдени тарихи туризмі жақсы дамыған. 2023 ж. 7 айында туризм саласына  698 млн.теңге инвестиция тартылған, ауданға келген ішкі туристер саны – 600 адамды құрады.

«АЙМАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ» бағытында 14 іс-шара жоспарланған, 2-уі орындалды, 12-сі орындалу үстінде.

Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының жоспары 68,4 мың шаршы метр болса, жыл басынан 47 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жылдық жоспар 69%-ға орындалды.

Қазіргі уақытта табиғи газбен 42 елді мекеннің 34-і қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 81 пайызды құрап отыр. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекеннің (Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Көлкент) газ жүйесінің құрылыстарына биыл бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы 5 елді мекеннің газдандыру жұмыстары аяқталады, газ құбыры жүргізілген 2 елді мекенді қоса алғанда, 7 елді мекен табиғи газға қосылады.

Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 81 пайыздан 98 пайызға жетеді.

Аудандағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен  қамтылған.

Биылғы жылы су құбырларын жөндеуге бюджеттен 

390 млн. теңге (ОБ-100 млн.тг, АБ-290 млн.тг) бағытталған. Атап айтқанда:

- «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен Жібек жолы ауылындағы су жүйесінің  күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Биыл 100 млн.теңге қаржы бөлінген.

- Қарабұлақ, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарын ауыз сумен қамту желілері құрылысының жобалары дайындалып, қаржыландыруға республикалық бюджетке ұсынылды.

- Су құбырларының орташа жөндеуіне, су ұңғымаларын қазу мен су мұнараларын орнатуға аудандық бюджеттен 290,1 млн.теңге бағытталды.

Нәтижесінде, ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігі артады.

 Аудан көлеміндегі 1298,1 шақырым автокөлік жолдардың            62,4%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

  2023 жылға аудандық маңызы бар 4 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 1,2 млрд.теңге бөлінді.

 «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы аясында  845,5 млн.теңгеге 25 көшенің (45,5 шқ), аудандық бюджеттен 448,6 млн.теңгеге 11 көшенің (24,7 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланды. Бүгінгі таңға 11 көше 21,3 шақырым жол орташа жөндеуден өтті.

 Жалпы атқарылатын жұмыстар нәтижесінде, жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 70%-ға жеткізу жоспарлануда.

 Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс шарасына сәйкес  аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен жолда жүру ережесін сақтауда және бағдаршамы бар көше қиылыстарында заманауи үлгідегі бақылайтын зияткерлік автоматты режимде жұмыс істейтін бейнебақылау камералары Ақсукент ауылында-1, Қарамұрт ауылында-1, Манкент ауылында-2, Қасымбек Датқа ауылында -1, Қарабұлақ елді мекеніне-6 Сергек камералары орнатылды. Бұдан басқа, Қарабұлақ ауылына жол бойына 15 жерге 30 бейнебақылау камералары орнатылды.

«Ауыл-Ел бесігі» аясында 2023 жылы 29 жоба 1694,5 млн. теңгеге қаржыландырылған. 2 нысан – мәдениет және спорт,    1 нысан – ауыз су, 1 нысан – электр желілері, 25 нысан – жол жөндеу нысандары.

«БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ СА

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.