Түркістандағы қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Malim Админ

  • 27.02.2021

Түркістанда жеке тұрғын үйде өлі табылған төрт бала мен олардың анасы неден қайтыс болғаны жайлы мәлімет жарияланды. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, анасы 1980 жылы туылған, ал балалар  2004, 2006, 2013 және 2016 жылғы.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен анасы иіс тиіп қайтыс болды.

Балалардың әкесі – кәсіпкер, бұл уақытта Шымкентте емделіп жатқан.

Әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі кезде қайтыс болғандардың туған-туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, материалдық көмек беруді тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев, облыстық полиция департаменті мен төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылары оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев жетекшілік етеді.

 

MalimBlocks