Түрме күзеткен сарбаз өзін-өзі атып тастады

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында түзету мекемесінде әскериборышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Қайғылы оқиға 16 маусым күні таңертең болған екен. Сарбаз қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде күзетте болған. Ауыр жағдайда облыстық ауруханаға түсіпті. Жансақтау бөлімінде көз жұмған.
«Қару-жарақпен күзетте тұрған қарапайым сарбаз өзіне-өзі оқ атқан. Сарбаз жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан, сарбазды құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеу шараларын жүргізуді бастады», - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек СӘРСЕНОВ.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом
Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.