"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 шілдеде елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. 25-27 шілдеде Атырау облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 25-27 шілдеде Атырау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 25 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысында солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. 25 – 27 шілдеде жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, батысында сақталады. Төтенше өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында, орталығында сақталады.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 25-27 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 25 шілдеде түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 25-27 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 25-27 шілдеде облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 25-27 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қ.: 25 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі, 26 шілдеде облыстың барлық аумағында 35-38 градус қатты ыстық. 25-26 шілдеде облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 25 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.