ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі

Malim Админ

  • 05.04.2021

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн бриингіде білім және ғылым министрлігінің өкілдері ҰБТ биыл қалай өтетінін түсіндірді. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Биылғы жылы ҰБТ-ға енгізілген ең басты өзгеріс -  мектеп түлектері мен тестілеуге қатысушылар ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Бұл не үшін жасалды? Қатысушылар екі мәрте тапсырылған ҰБТ-ның қайсысында жоғарырақ нәтиже жинаса, сол нәтижені жоғарғы оқу орындарына ұйымдастырылатын мемлекеттік грант конкурсына тапсыра алады. 

Білім және ғылым министрі Шолпан Қаринованың айтуынша, бұл тест тапсырушыларға жасалған мүмкіндік.

"Бұған дейін тест тапсырушылардың бір ғана мүмкіндігі болатын. Тестен қандай балл жинаса, жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік грант конкурсына соны тапсыратын. Ал биыл екі мүмкіндік беріп отырмыз. Бір ҰБТ-дан 85 балл алса, екіншіден 100 балл алса, үздік нәтижені мемлекеттік гранттар конкурсына тапсыра алады", - деді Ш.Қаринова.

Тағы бір өзгеріс, ҰБТ-ға қатысушылар оны қашан және қай жерде тапсыра алатынын өздері таңдай алады. 

"ҰБТ сәуір, мамыр, маусым айларында өтеді. Бұл ҰБТ тапсырушылардың өздері үшін ыңғайлы. ҰБТ-ны қай жерде және қашан тапсыратынын түлектің өзі таңдайды. Түлек немесе ҰБТ-ға қатысушының тесті бұрынғыдай бір рет емес, екі рет тапсыруға құқығы болады", - деді білім және ғылым жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Сондай-ақ биылдан бастап ҰБТ электронды форматта өтетіні хабарланды.

Оқи отырыңыз: ҰБТ электронды форматта өтеді 

 

Байланысты жаналықтар

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2024

Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

09.08.2024

«Жыл дуэті»: ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған түлектер кездесті

31.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Биылғы ҰБТ-да 628 талапкердің нәтижесі жойылған

13.07.2024

ҰБТ: гранттың 20%-ы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге беріледі

06.07.2024
MalimBlocks
Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған

Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

Талапкерлерге заңгер көмектесуге дайын.

«Жыл дуэті»: ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған түлектер кездесті

Түлектердің кездесуіне көпшілік таңғалған.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Биылғы ҰБТ-да 628 талапкердің нәтижесі жойылған

Апелляцияға 65 мыңнан астам өтініш түскен

ҰБТ: гранттың 20%-ы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге беріледі

Бірақ олар мамыр-шілде аралығындағы ҰБТ-ға қатысуға міндетті