«West Oil Software» жұмысшыларының ереуілі заңсыз деп танылды

Malim Админ

  • 11.01.2024

2023 жылдың 11 желтоқсанынан басталған "West Oil Software" ЖШС қызметкерлерінің ереуілін Қарақия аудандық соты заңсыз деп таныды.

Ереуілге қатысушылар ЕСОТ жүйесіне сәйкес жалақыны теңестіру, компанияны «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ құрылымына кіргізу және арнайы техникаларды жаңарту талаптарын қойған болатын. Алғашқы екі талаптарды орындау мүмкін емес. Бұл ретте ұлттық компания үшінші мәселе бойынша талапты қанағаттандыруға дайын және әзірленген үш жылдық жоспарға сәйкес техниканы жаңарту процесін бастады. Орындалуы мүмкін емес талаптардың қойылуы нәтижесінде компанияға күн сайын материалдық шығын келтірілуде.

Бүгінгі таңда ереуілге қатысушылардың заңсыз әрекетінің салдарынан компанияға шамамен 499 млн. теңге залал келтіріліп отыр. Бұл компанияның қаржылық жағдайына ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджетіне де әсер етеді. Ереуіл басталғаннан бері осы ереуілге қатысушыларға олардың әрекеттерінің заңсыздығы туралы бірнеше рет түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы техникалардың кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары басталғандығы және жұмысқа шығу қажеттілігі туралы хабарланды. Компанияның ереуілге шыққан жұмысшыларымен мәселені келіссөздер үстелінде шешуге шақыру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Жекелеген белсенділер мұндай бастамаларға тосқауыл қойып, ереуілді тоқтатқысы келетіндерге барлық талаптар жақын арада біздің пайдамызға шешіледі деп оларды жаңылыстыру арқылы ұстап отыр.

Алайда, олардың үгіт насихатына қарамастан, кейбір жұмысшылар заңсыз акцияның пайдасыздығын түсініп, одан бас тартты. 50-ден астам адам өз жұмыс орындарына оралды. Жақын арада жаңылысқан адал жұмысшылардың көп бөлігі жұмысқа шығады деп күтілуде. Біз ереуілдің жекелеген көшбасшыларының ойларын, жеке қызығушылығы мен әрекеттерін білеміз. Осыған дейін жұмыстан шығарылған 7 белсенді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін "West Oil Software" ЖШС жұмысына кері әсер етіп, оның орнына басқа компанияны әкелуге тырысуда.

"West Oil Software" ЖШС басшылығы 2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға ниетті. Бұл ретте Қарақия ауданының мансаптық орталығында жұмыссыздық бойынша есепте тұрған азаматтарды бос орындарға жұмысқа қабылдау жоспарлануда. Егер мекемеміздің өз міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттер тоқтатылмаса, компания тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына беруге мәжбүр болатынын ескертеміз.

Өз кезегінде, "West Oil Software" компаниясы әрқашан өз ұжымына қамқорлық жасайды.

Біздің жұмысшыларымыздың жалақысы басқа көлік компаниялардың жалақыларынан орта есеппен алғанда жоғары. Жұмысшылардың әлеуметтік пакетін жақсартып, жалақыны көтере отырып, компания басшылығы кездесу өткізіп жүр. Біз жұмысшыларды "ат басындай алтын" береміз деп уәде ететін, өзімшіл мақсаттарын көздейтін арандатушылармен келіспеуге шақырамыз.

Біз парасатты болуымыз керек, отбасымызды адал еңбекпен асырап, балаларға дұрыс тәрбие беруге мүмкіндік берген компаниядағы тұрақтылықты бағалауымыз керек.

«West oil Software» ЖШС басшылығы.

Байланысты жаналықтар

«Westoil Software» мәлімдемесі: Заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз

05.03.2024

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

24.02.2024

Жетібайдағы ереуіл. Ахуал қайда апарып соғады?

20.12.2023

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

02.05.2023

Ақтауда «МАЭК» жұмысшылары еңбекақы өсіруді сұрап Тоқаевқа үндеу жолдады

15.04.2023

"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

23.11.2022
MalimBlocks
«Westoil Software» мәлімдемесі: Заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

Заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті

Жетібайдағы ереуіл. Ахуал қайда апарып соғады?

Әлі күнге дейін компания басшылығы мен жұмысшылар ымыраға келмеген

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

Ол Ислам Кәрімов секілді 26 жыл Президент болғалы тұр

Ақтауда «МАЭК» жұмысшылары еңбекақы өсіруді сұрап Тоқаевқа үндеу жолдады

Еңбекақы он жылдан бері қанағаттандыратындай деңгейге көтерілмеген

"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

Мекеме басшысы жұмыстан кетті