Жаңа коронавирус келе жатыр

Елнұр Бақытқызы

  • 28.12.2020

Оннан астам елде коронавирустың жаңа штамы анықталды. Коронавирустың жаңа түрі ең алдымен Ұлыбританияда анықталып, Еуропаның басқа елдеріне тарап үлгерді. Ұлыбритания ғалымдары жаңа штам балаларға тез жұққыш келеді дейді.

Ұлыбритания VOC-202012/01  атты жаңа штаммның анықталғанын желтоқсанның 14-інде хабарланғанымен, ковидтің жаңа түрі қыркүйек ортасында тарай бастады делінеді. Көп ұзамай Ұлыбританиядан шыққан вирустың жаңа түрі Нидерланды, Дания, Франция, Испания, Швеция, Швейцария,  Италия мен Германияда анықталды.Тіпті Австралия, Жапония, Сингапур мен Канадада да вирустың "британдық" түрін жұқтырған адамдар анықталды. Вирус жұқтырғандардың барлығы дерлік Ұлыбританиядан сол елге ұшып барған жолаушылар мен олармен байланыста болғандар.

Бірақ әлемнің басқа елдерінде Ұлыбританияда табылғаннан бөлек ковидтің түрі  анықталып жатыр. Мысалы, Оңтүстік Африкада 501.V2  атты мутацияланған вирус түрі  шықты. Ал Нигерияда COVID-19-дың P681H атты жаңа штамы анықталды.

COVID-19-дың SARS-CoV-2 түрі ересек адамдармен салыстырғанда балаларға азырақ жұғады делінген еді. Ал бірақ Ұлыбританияда табылаған вирустың жаңа түрі керісінше балаларға әсер ететін сияқты. Лондондағы Imperial College ғалымдары Ұлыбританияда анықталған вирустың жаңа түрі балаларға тез жұққыш келеді дейді.

Imperial College ғалымы Нил Фергюсн статистикалық мәліметтер вирустың британдық жаңа штамы балаларға көбірек жұғатынын көрсетті дейді. Бірақ ғалымдар бұның себебін білмейді. "Біз оның себебін анықтамадық, бірақ статистикадан осыны байқадық", - дейді ол.

Дегенмен британдық ғалымдардың сөзін негіздейтін зерттеулер әзірге жасалған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге бұл мәліметті растаған да, терістеген де жоқ. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Ханс Клюге өзінің Twitter-інде  ковидтің алдыңғы штамдарына қарағанда VOC-202012/01 жас топтардың арасында таралып жатқанын айтып, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Бірақ вирустың жаңа түрінен өлім-жітім көрсеткіші алдыңғы штаммен салыстырғанда жоғары я болмаса ковидтің жаңа түрін жұқтырғандар қатты ауырады деген мәлімет жоқ.

Алайда Лондондағы гигена және тропикалық медицина мектебінің математекалық модельдеу және инфекциялық аурулар орталығының ғалымдары Ұлыбританияда анықталған ковидтің жаңа түрінен өлім-жітім мен ауруханаға жатып ем алатын науқастар саны көп болады деп болжайды. Зерттеушілер математикалық модельдеу әдісі арқылы вирустың VOC 202012/01 түрін ковидтің алдыңғы түрлерімен салыстырып, ол 56 пайызға тез жұғады деген қорытынды жасаған. "Вирус тез жұғатындықтан, науқастар саны артады. Сондай-ақ  2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы ауруханаға түсетін науқастар мен өлім-жітім артады деп болжанады", - дейді ғалымдар өз зерттеуінде.

Ғалымдар тіпті Ұлыбитанияда 19 желтоқсанда енгізілген карантиндік шектеу шаралары вирустың таралуын тоқтата алмайды деп отыр. "Англияда 2020 жылдың қарашасында енгізілген қатаң шектеу шаралары мектептер мен университтер жабылмаса, аурудың таралу көрсеткіші – Rt-ді 1-ге азайтуы екіталай деп бағалаймыз. Шектеу шаралары алына басталған соң, вирус тез тарауы мүмкін. Бәлкім, ауру көрсеткішін азайту үшін вакцина ендіруді тездету керек болар", - дейді ғалымдар.

 

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

20.09.2024

Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

03.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің ғалымдары COVID-19 вирусының неден тарағанына қатысты зерттеу жүргізген

Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған