Ұлыбританияның Кембриджшир графствосында пойызда болған пышақпен шабуыл салдарынан 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның тоғызы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Оқиға Донкастерден Лондонның Кингс-Кросс вокзалына бағыт алған пойызда болды. Полиция дерегінше, оқиға Хантингдон маңында, Лондоннан шамамен 120 шақырым жерде тіркелген.
Құқық қорғау органдарына хабар 19:42-де түскен. Оқиға орнына қарулы полиция мен дәрігерлер жетіп, екі күдіктіні ұстап, тергеу басталғанын хабарлады.