Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды

Қоғам
Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды
Фото: canva.com

Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері рейд кезінде Mazda көлігін тоқтатып, жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын анықтаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылып, тексеріс басталды.

Полиция департаменті көлікті мас күйінде басқару — заңды өрескел бұзу және айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіретін әрекет екенін еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу