Жәрдемақы. Жетімді жылатпай, кемтарды қорлатпай...

  • 28.03.2023

 

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, кемтар адамға құрметпен қараған, мейірімді халық болған. Оларды кемсітіп, қорлаған адамдарға жаза тағайындалған. Және оларды қамқорлығына алып отырған. Қазіргі уақытта да бұл міндетті мемлекет толықтай мойнына алған. Арнайы жұмыспен қамту орталықтары, емделуге бөлінетін квоталар бекітілген және арнайы жәрдемақы алып тұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бергі үш ай ішінде мүгедектігі бар және асыраушысынан айрылған адамдарға 80,4 миллиард жәрдемақы тағайындаған. Мұның сыртында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да жұмыс істейді. Бұл қордан жыл басынан бері аталмыш сала бойынша 9,9 миллиард теңге көлемінде төлем жүргізілген.

Әрине, өмір болған соң барлық жағдай болады. Төрт құбыласы тең адам, он екі мүшесі сау адамдармен қоса тағдыр тәлкегіне ұшыраған, қиын жағдайда қалған адамдар қай кезде де болған. Жауапты ведомство ұсынған мәліметтерге қарағанда қазір елімізде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 532,3 мың адамды құрайды. Ал, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алатындар саны 192,7 мың адам екен.

Ал, бұл жәрдемақылар қандай шарттармен жүзеге асырылады дегенге келсек, бұл туралы жауапты ведомство мынадай мәлімет ұсынады:

«Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады».

Аталмыш жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша есептеледі. Биылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өскенін ескерсек, жәрдемақы да 8,5 пайызға ұлғайға. Қазіргі жағдайға байланысты мәлімет ұсынсақ, бірінші топ мүгедектері 77 889 теңге, екінші топ 62 068 теңге, үшінші топтағылар 42 190 теңге жәрдемақы алады. Оның сыртында қажет жағдайда көрсетілетін әлеуметтік төлемдер 86,5 мың адамға арнайы көмек көрсетіліп, асыраушысынан айрылған 57 мыңға жуық отбасына әлеуметтік төлем жасалған. Қазіргі мөлшер бойынша еңбекке қабілеттілігінен айрылған адам 33 211 теңге, ал асыраушысынан айрылғандарға 34 355 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін