Жастармен жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кәсіби стандарттар қабылданды

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Зерендіде өткен жастар академиясында айтты  

Malim Админ

  • 27.08.2023

Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам жас маман үш күн ішінде түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара аясында өткен «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты жиында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысып, жастарға пайдалы ақпараттар берді. Осы жиында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары елімізде креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Талантты жастарымыз әртүрлі салада жарқырап көрініп, жемісті еңбек етуде. Сондықтан биыл Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығына алғаш рет «Креативті қызмет» номинациясы қосылып отыр.  Сонымен қатар биыл «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң өз күшіне енді. Жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайды. Қазір олардың саны қазір 6 млн-ға өсті. Парламент мәжілісі мен мәслихаттарда жастар, әйелдер және мүгедектігі бар адамдар үшін 30% квота енгізілді және барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерде жастар үшін 20% квота енгізу жоспарлануда. Жақын арада жастармен жұмыс жөніндегі мамандарға арналған кәсіби стандарттар қабылданды. Бұл жұмысты жүйелеуге және ЖРО қызметкерлерін іріктеудің нақты өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесу нәтижелі боларына сенімдіміз және оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді. Диалогтық алаң соңында жастар сұрақтарын қойып, жастар орталықтарын кадрлық даярлаудан өткізу сынды ұсыныстар жасады.

    

MalimBlocks
Әшімбаев арызын Аймағамбетовтің орнына Тоғжанов тыңдады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата отырысы кезінде қазақстандық жас мамандардың дайындық сапасына күмәнмен қарайтынын және бұл мәселені тез арада шешу керегін айтты.