Жұмыссыздар азайып, бос жұмыс орындары көбейіп келеді

  • 08.11.2021

Жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан шаруалар нәтижесінде бір жыл ішінде жарты миллионға жуық адамның жұмысқа орналасқанын айтып жүрміз ғой. Дегенмен, бұл жерде жұмыс іздеушілердің талаптары мен қоғамдағы сұраныстың бір біріне сәйкес келе бермейтінін де ескеру қажет. Мысалы, сіздің мекемеде бір жұмыс орны бар, бірақ, оған тура келетін адам табу қиындық туғызады. Ал, бір жақта жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттен әлеуметтік төлем алып отырған адам бұл жұмысты істегісі келмейді не болмаса қолынан келмейді. Яғни, жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жұмыстан бас тартады. Бұл тарапта жұмыспен қамту орталықтары мен 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы жұмыс сұраушыларға барынша қолдау көрсетуге тырысады. Олар жұмыс сұраушыға әр кәсіпорынмен келісе отырып (кәсіпорын өзіне керекті мамандар мен алдын ала босаған орынды хабарлап отырады) табылған орынды жұмыссыз тұлғаға ұсынады. Әрине, жұмыс іздеуші өзіне керекті саланы алдын ала белгілейді, дегенмен, манмандар керек кезінде жұмыс іздеушіге өзге де ұсыныстарды айта алады.

Жауапты мамандар электрондық еңбек биржасында маусымдық мамандықтарға сұраныстың көп екенін айтады. Бұл әсіресе 2021 жылдың қазан айында қатты байқалған.  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұсынған деректерге көз салсақ, 2021 жылғы қазанда Электрондық еңбек биржасында 139,6 мың бос жұмыс орны ұсынылса, сұраныс – 49 мың түйіндемені құраған. Яғни, бос жұмыс орындары көп те, жұмыс сұраушылар әлдеқайда аз. Үш есеге жуық айырмашылық қайдан шықты? Орталық дәл қазан айында жарияланған бос жұмыс орындарының саны аздап өскенін, тиісінше түйіндемелер саны 21%-ға азайғанын айтады. Яғни, еңбек нарығындағы үдерістердің баяулаған. Бұл жердегі негізгі мәселе маусымдық жұмыстарға сұраныстың көптігі мен жұмыс іздеушілердің тұрақты жұмыс орнын талап етуіне байланысты. Айталық, қазан айында от жағушыларға қажеттілік сақталғанымен, заңгерлер, қаржыгерлер мен мал өсірушілер әлі де жұмыс іздеп жүр. Бір қарағанда, заңгерге от жағушы бол деп айту да қисынсыз. Осындай жағдайларға байланысты, қажеттілік туындап отырған мамандықтардың жалақылары да артқан.

«Өткен айлармен салыстырғанда қазан айында мұғалімдер мен сұхбат алушыларға сұраныс төмендеді. Сонымен қатар, ЭБТ-да құрылыс саласының қызметкерлері – арматурашылар мен бетоншылар үшін бос жұмыс орындарының саны артты. Оларға жалпы қажеттілік қазан айында 2,2 мың бос орынды құрап, өткен айға қарағанда 1,8 мыңға артық болды. Тиісті бос жұмыс орындарына деген сұраныстың артуы, Атырау облысын мысалға алсақ, жалақыны 500 мың теңгеге дейін ұлғайтуға түрткі болды», – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ атқарушы директоры Александра Молчановская.

Молчановскаяның айтуынша, жұмыс ұсыну жағынан әр қөңір әр түрлі көрсеткіш көрсетіп жатыр. Сұраныстары да әр түрлі. Мысалы, қазан айында Түркістан облысы көш бастаған. Түркістан облысының жұмыс берушілері барлық бос орындардың 14 пайызына сұраныс білдірген. Жаңа кадрларға сұраныс шымкент қаласында да артқан – 11 пайыз. Үздік үштікті 10 пайыздыұ көрсеткішпен Алматы қаласы түйіндеп тұр. Елорда 9 пайызбен төртінші орында тұр. Бұл жерде Алматы қаласындағы жаңа жұмыс орнына деген сұраныстың екі есеге азайғанын айта кету керек. Тағы бір ерекше айта кететін жайт, негізгі жұмыс орындарын мемлекеттік мекемелер ұсынады. Ал, жеке кәсіпкерлер әрбір бесінші орынды ұсынған. Бұл жағынан Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы тізімнің басында тұр.

Әрине, жұмыс сұраушыны ең алдымен қанағаттандыратын жалақы көрсеткіші. Егер жақсы жалақы ұсынса, қолынан келетіндей болып жатса, жұмыс сұраушылар сұранысын өзгертуі де әбден мүмкін. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері де бұл жағын жіті қадағалап отырады. Егер, сіздің мамандығыңызға тікелей болмаса да, жанама қатысы бар мамандыққа сұраныс түссе, сізге хабарлап ескертеді. Жұмыспен қамту десе, болымсыз бір жұмыстар ұсынатын сияқты түсінік қалыптасқан. Бірақ, бұл тарапта кейбір мамандарға сұраныстың жоғары болғаны сонша, 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынған.

«Ең көп еңбекақы Атырау облысында ұсынылып, онда қазан айында айына 1,2 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін жалақысы бар 11 бос лауазым ашылды. Жұмыс берушілер жобалардың басшылары мен менеджерлеріне, базалық техникалық қызмет көрсету жөніндегі үйлестірушілерге, бас инженерлерге (өңдеу өнеркәсібінде), механик-инженерлерге, конструктор-инженерлерге, программист-инженерлерге, жабдықтарды жинақтау және телекоммуникация саласындағы техникалық қолдау жөніндегі инженерлерге осындай табыс деңгейін ұсынуда. Жалпы, Атырау облысы өңірлер арасында жалақы көлемі бойынша көшбасшы болып табылады, онда жалақының орташа деңгейі ағымдағы жылдың 3 тоқсанындағы жағдай бойынша 419,1 мың теңгеге тең. Атырау облысымен қатар, ЭБТ-да, салыстырмалы түрде жоғары еңбекақысы бар бос жұмыс орындарын өндірістік Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан мен Алматы сынды ірі қалаларда табуға болады, мұнда еңбек ақысы 600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі аралықты межелеуде», - делінген орталық ұсынған есепте.

Жұмыспен қамтудың тағы бір мақсаты біліктілігі жоқ жұмысшыларға жұмыс тауып беру. Бұл бағыт бойынша 29,3 мың бос орын ұсынылған. Олардың ораша еңбекақысы 58,1 мың теңгені құрайды. Ал білім беру саласының қызметкерлері үшін 8,8 мың бос жұмыс орны ұсынылып, орташа жалақы көрсеткіші  86,4 мың теңгеге тең болып шыққан. Құрылысшыларға қазақстандық жұмыс берушілер 6,4 мың бос жұмыс орнын ұсынып, айына 94,8 мың теңге төлеуге дайын екендерін айтқан. Бұлар салыстырмалы түрде төмен жалақы мөлшері болса, медициналық қызметкерлерге сұраныстың артуына сәйкес денсаулық сақтау саласы бойынша 114,9 мың теңге көлемінде жалақы тағайындалып, 3,1 мың орын ұсынылып отыр.

Бір қызығы жұмыс орындарын ұсынуда 1 мың орын жоғары буын басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар, заң шығарушылар мен мемлекеттік қызметшілерге белгіленген. Олардың орташа жалақысы 172,3 мың теңге. Өндіріс және сервистік қызметтер саласындағы корпоративтік сектордағы мамандандырылған бөлімшелердің басшылары үшін де 1,8 мың бос орын ұсынылған. Жалақылары орташа есеппен 166,1 мың теңге. Ғылым және техника саласы бойынша 145,7 мың теңгелік 2,3 мың орын бар. Бұл көрсеткіштердің барлығы елімізде кадрлық тапшылықтың бар екенін, соған орай мамандарды даярлау керек екенін де білдіреді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша тек жұмыс беріп қана қоймай, сұранысқа сай азаматтарға жаңа мамандық игеруге мүмкіндік беретін бағыты да үлкен роль атқарады. Жүйелі түрде зерттеліп, азаматтар қысқа уақыттық курстар арқылы жаңа мамандық игеріп жатса, жоғарыда айталған сәйкессіздікті де жеңіге болады.

«Осылайша, ЭБТ деректері бойынша, бір жағынан, еңбекақы мөлшері әлеуетті ізденушілердің біліктілік деңгейіне сәйкес келеді, ал екінші жағынан салалар бөлінісінде сәйкессіздік байқалады. Бұл олардағы еңбек өнімділігіне байланысты болса керек. Тиісінше, жоғары өнімді өнеркәсіптегі төлем деңгейі (1 жұмыспен қамтылғанға жалпы қосылған құн – 9 240,6 мың теңге) білім беруге (1 253,6 мың теңге) немесе денсаулық сақтауға (1 538,9 мың теңге) қарағанда айтарлықтай жоғары», - дейді орталық басшысы.

Жалпы алып қарағанда, мұндай статистикалық көрсеткіштер елімізде бос жұмыс орындарының аз емес екенін көрсетеді. Ал, оған деген сұраныстың әр түрлі болуы жалпыға шаққанда жұмыссыздық деңгейінің төмендеп келе жатқанын білдіреді деуге болады. Тұрақты жұмысы мен ай сайынғы үнемі түсіп тұратын пайдасы бар азаматтар еліміздің әлеуметтік деңгейін көрсетеді десек, жұмыс сұраушыларға қарағанда жұмыс орнын ұсынушылардың көп болуына қарап, бұл тарапта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтиже беріп жатқанын аңғаруға болады.

Байланысты жаналықтар

Симптомсыз науқастар қайтеді?

16.06.2020

Коронавирус күшейіп келеді

15.11.2020

ДУМК опровергло информацию о деловых костюмах для геев

18.07.2022

Ресейлік сарапшы Қазақстандағы құқық қорғау жүйесін мақтапты

22.12.2020

Венгерские инвесторы хотят вложить более $100 млн в казахстанские проекты

27.04.2021

«Еріктілер болмаса, қабір қазып үлгере алмай жатырмыз»

13.07.2020
MalimBlocks
Симптомсыз науқастар қайтеді?

Коронавирус күшейіп келеді

ДУМК опровергло информацию о деловых костюмах для геев

Выступление мужчины в одежде священнослужителя, утверждающего, что костюмы со шлицей носили геи, в Духовном управлении мусульман Казахстана назвали бредом.

Ресейлік сарапшы Қазақстандағы құқық қорғау жүйесін мақтапты

Венгерские инвесторы хотят вложить более $100 млн в казахстанские проекты

«Еріктілер болмаса, қабір қазып үлгере алмай жатырмыз»