Продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Баян Алагөзованың сөзінше, Дана Орманбаева әлі де іздеуде жүр. Продюсер оның Дубайда тұрып жатқанын да атап өтті.
"Дана Орманбаева әлі де іздеуде. Оны неге іздеп таппайтынын түсінбеймін. Ол Дубайда тұрып жатыр ғой деймін. Онымен желіде ұрысудың пайдасы жоқ. Мен оны сотқа беріп, екі рет жеңіп шыққам. Ол маған айыппұл төлеп, сотқа кеткен шығындарымды өтеді. Бірақ мен әлі күнге одан кешірім күтіп жүрмін. Егер ол ел алдында менен кешірім сұрамаса, тағы да бір сот болады. Мен ол адаммен тек заң арқылы сөйлесу керек екенін түсіндім", — деді Баян Алагөзова.