300 жылдық тарихы бар «Хызыр» мұнарасы

Айбек Ережеп

  • 22.05.2021

300 жылдық тарихы бар «Хызыр» мұнарасы

Республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері»  жобасына  Шымкент қаласынан жеті нысан енген. Соның бірі «Хызыр» мұнарасы. Абаттандыру жұмыстары аяқталған жаңарған тарихи ескерткіш «Хызыр» мұнарасының ашылуы өтті. Ислам мәдениетінен сыр шертетін нысан Сайрам тұрғын алабында орналасқан. 300 жылдық тарихы бар кешен діни орталық қызметінен бөлек, өз тарихымен туристердің ерекше қызығушылығын арттыруда.

Шымкентті туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптаудың маңызы ерекше. Осы бағытта қалалық туризм басқармасының бастамасымен биылғы жылдың ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнараның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Туризм басқармасы «Хызыр» мұнарасын зерделеп, реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін тарихшы-археологтармен арнайы экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлауда.

Мұнараның биіктігі жер сілкінісі нәтижесінен 10,5 метрден, қазір 5,7 метрге жеткен.

Тарихи нысан Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызырды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Хызыр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды