Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жары - Ажар апа қайтыс болды
Қаралы хабарды Әміржан Қосанов фейсбук парақшасын жазды.
"Әлем әдебиетінің классигі Әбе - Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыздың үйіндегі Ажар апай 90 жасында өмірден озды.
"Қан мен тер" романын оқыған, оқымаған барша ағайынға естіртіп жатқаным.
Ұлы жазушының өмірлік серігі, Музасы болған апамыз белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер еді.
Дастарханынан талай дәм татып едік.
Алдынан жарылқасын. Арты қайырлы болсын! Атамыз аман болсын! Жақында ғана ауруханадан шыққан ол кісіге қиын болып жатыр-ау...", деп жазды ол.
Жазушыға қайғырып көңіл айтамыз. Иманды болсын!