«Ақша керек». Қазақ файтері анасының қазасына қарамастан рингке шыққан

Ол жеңісін марқұм анасына арнады

Сабина Асқарқызы

  • 22.07.2024

Қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті жеңісін сырқаттан көз жұмған анасына арнады. Ол анасының өмірден өткені туралы суық хабарды жекпе жекке шықпай тұрып естіген, деп хабарлайды Malim.kz.

“Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен жекпе жекке шығып жүрген қазақстандық файтер көз жасына ерік берді.

“Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды”, – дейді Ернат Түгелбеков.