Астанадағы Қ.Мұңайтпасов стадионы биыл салынып бітеді

Бүгінде ескірген стадион толығымен бұзылып болған

Мәди Саматұлы

  • 08.01.2025

Астана қаласы мәслихаты Қ.Мұңайтпасов стадионын қайта жаңғыртуға қаржы бөлу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Жобаны аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның жазуынша, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда алғашқы футбол ойыны 1964 жылғы 14 мамырда өткен. Сонымен қатар, бұл жерде регби бойынша жарыстар да ұйымдастырылған. Елорданың тарихи нысаны біраз уақыт бойы қараусыз қалып, оның трибуналары мен қосалқы жайлары апаттық жағдайда болған.

2020 жылы жүргізілген техникалық тексеру кезінде стадион құрылымдарының қатты тозғаны анықталып, бұл адамдардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіргені белгілі болды. Елордалық мәслихат бұл жағдайды ескере отырып, стадионды қайта жаңғыртуға қаржы бөлу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Жобаны аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған, деді ол.

Жер учаскесінің жалпы ауданы 2,2 гектарды құрайды, ал стадионның сыйымдылығы – 3 598 орын, оның ішінде VIP аймағы мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған орындар қарастырылған. Стадионды Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады. Олар нысанды белсенді демалыс пен спортпен шұғылдану үшін қолдана алады. Жаңа стадион UEFA және FIFA халықаралық стандарттарына сай жабдықталады.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

09.04.2025

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

09.04.2025

Астанада Диснейленд салынбайтын болды

08.04.2025

"Атасы зорлаған". Астанада 7 жасар қыздың оқиғасына қатысты тың мәлімет шықты

08.04.2025

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

08.04.2025
MalimBlocks
Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты

Астанада Диснейленд салынбайтын болды

"Атасы зорлаған". Астанада 7 жасар қыздың оқиғасына қатысты тың мәлімет шықты

Астанада 7 жасар қызды зорлау оқиғасы бойынша тың мәлімет шықты. Баланың зорлану дерегін Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

Ол әлемдік турне аясында елордаға келеді.