«Асыл арна» жабылады, «Тәлім тв» арнасын ашамын
Кеше Қазақстан мұсылмандар діни Басқармасының төл арнасы деп «Халық арна» ашылып, Алматыда тұсауы кесілген болатын. Осыған байланысты көп көңілінде екі діни арна бола ма деген сауал туып, сан-саққа ой жүгіртіп көрді.
Кеше Мүфтияттың Алматыдағы бас ғимаратында жиын өтіп, «Асыл арна» телеарнасы жабылатын болды.
ҚМДБ ғұламалар кеңесінің кезекті кеңесіне «Асыл арнаның» бас директоры Мұхамеджан Тазабек те шақырылған. Осы жиынан кейін жазған фейсбук жазбасында Мұхамеджан Тазабек
«Ақидамыз Мәтруди, мазһабымыз Ханафи, қара шаңырағымыз Мүфият деген ұстаныммен, ынтымақ-бірлікпен ...тарқастық» деп жазды.
“Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын” деп айтқан болатынмын.
Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті» деген айтыскер ақын енді әлеуметтік-отбасылық, ғылыми-танымдық, мәдени-ағартушылық бағыттағы жаңа арна ашпақ.
«Асыл арна» жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне «Тәлімтв» деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік-отбасылық, ғылыми-танымдық, мәдени-ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Әрі көрермендерге әлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады», - дейді Мұхамеджан Тазабек.