457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бекзатқа не болды?

Бокстан әлем чемпионы Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ үшін Токио олимпиадасы аяқталды. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Қазақ боксшысы олимпиадада бірінші кездесуінде-ақ жеңіліс тапты. Ол ресейлік спортшы Имам ХАТАЕВҚА жол берді.

Бекзат дәл осы Хатаевпен Санкт-Петербург Губернаторының кубогінде финалда жолығып жеңген еді. Маңғыстаулық боксшы 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген болатын. Токио олимпиадасының фавориті деп мамандар атаған-ды.

Бұған дейін жарыс жолынан Василий ЛЕВИТ, Абылайхан ЖҮСІПОВ, Серік ТЕМІРЖАНОВ шығып қалған еді. Жүлдеден үміткер боксшылар бірінен соң бірі жеңіліп жатыр.