«Екі қабат қолғап киіп аламын»: «Челси» Алматыға келді

Ойын бүгін өтеді.

Сабина Асқарқызы

  • 12.12.2024

Лондонның «Челси» клубы Конференция лигасы аясында «Астанамен» кездесу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыға аман-есен жеттік, - делінген ағылшын клубының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Суреттерден футболшылардың Алматының ауа райына дайындалып, қалың киініп келгенін көруге болады.

Ал «Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска баспасөз конференциясында «Астанамен» өтетін ойынның қиын тұстары туралы айтты. 

Матч алдында сегіз сағат бойы ұшу өте қолайсыз. Бірақ біз сол жаққа барып, өз ойын үлгімізді көрсетуіміз қажет. Соған қарамастан келесі кездесу туралы да ұмытуға болмайды. Біз ұшып келген бойда тамақтанып, сонан соң ұйқыға кірісеміз. Жергілікті уақыт бізден бес сағатқа алда тұр. Сондықтан біз оянғанша түске таяйды. Тиісінше Қазақстанда 24 сағаттан аз уақыт боламыз. Жұма күні таңғы алтыда Лондонға ораламыз. Ал жексенбі күні матч күтіп тұр, — деді Мареска.

Матч өтетін 12 желтоқсан күні Алматыда -11 градус болады деп күтіледі. Осы орайда клуб қорғаушысы Аксель Дисаси суыққа қалай дайындалғанын алға тартты.

Сегіз сағаттық ұшу барысында бірнеше фильм көремін, ал келген соң екі қабат қолғап киіп алып ойнаймын, - деді ойыншы.

Ағылшын клубы бұл матчқа қатысатын құрамын да жариялады:

Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстрем, Макс Меррик;

Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренату Вейга, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Джош Ачимпонг, Кайден Уилсон;

Жартылай қорғаушылар: Кирнан Дьюзбери-Холл, Сэмьюэл Рак-Саки, Харви Вейл, Киано Дайер, Карни Чуквуэмека;

Шабуылшылар: Педру Нету, Тайрик Джордж, Ато Ампа, Шумайра Мхеука, Марк Гиу. 

Айта кетейік, бесінші тур аясындағы кездесу бүгін, 12 желтоқсан күні, Орталық стадионда сағат 20:30-да басталады.

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.