Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олимпиада чемпионы АҚШ-та неден қайтыс болғаны белгілі болды

Спорт
Олимпиада чемпионы АҚШ-та неден қайтыс болғаны белгілі болды

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz.

- 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы бас консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфия қаласындағы мәйітханасына жеткізілді. Сот-медициналық кеңсесінің мәліметінше, өлім - жүрек тоқтап қалуынан болған. Бірақ әлі нақты ақпаратты күтеміз. Консулдық марқұмның туыстарымен байланыста. Мейітті Қазақстанға жеткізу бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін қазақстандық палуан Мұхамбет Қуатбек 27 жасында АҚШ-та белгісіз жағдайда дүниеден өткенін жазған болатынбыз. 

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу