Отан қорғаушы сарбазға Шымкенттің ықыласы ерекше

  • 05.05.2021

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Шымкент көшелерінде үздік сарбаздар бейнеленген билбордтар ілінді. Ата-анасының мақтанышына айналған, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған үздік сарбаздардың бейнесі ілінген билбордтардың мақсаты – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету. Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйытқы болған бұл бастаманы тұрғындар қошеметпен қарсы алды.

Ал қалалық әкімдіктің хабарлауынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға (Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккендерге)  36 АЕК (105 012 теңге) көлемінде ақшалай көмек аударылмақ.

Сондай-ақ, Шымкентте 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден беріліпті. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған. Шымкент қаласында қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері тұрады.

 

Байланысты жаналықтар

«Шахматшы алдағы қадамын жоспарлауы керек». Бибісара Асаубаева тағы да жазба жариялады 

27.03.2023

Шымбұлақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

27.03.2023

Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

26.03.2023

Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

24.03.2023

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

13.03.2023

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

13.03.2023
MalimBlocks
«Шахматшы алдағы қадамын жоспарлауы керек». Бибісара Асаубаева тағы да жазба жариялады 

Бұл бәріне сабақ болсын

Шымбұлақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

«Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша

Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен

Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

Келесі қарсылас кім?

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

Шавкат Рахмонов Алматыға келді