Қарағандыдағы мәдениет үйінде сән салоны бар

Malim Админ

  • 06.02.2020

Қарағандылық өнер ұжымдары былтырдан бері Октябрь ауданындағы Жаңа Майқұдық мәдениет үйінен орын таппай сенделіп жүр. Мәдениет үйінде орын болғанмен, өнер саласында еңбек еткісі келгендерге қуықтай бір бөлме де тиер емес. Мәдени демалыс қызметін ұйымдастырушы Саясат БЕЙБІТ балаларға арналған театр үйірмесі мен көркемсөз сабақтарын ашқысы келеді. Алайда, бір жылдан бері ойлаған ісін іске асыра алмай жатыр.

Тіпті, облыстық мәдениет басқармасына дейін барып өтініш білдірген. Дегенмен әлі күнге дейін мәдениет үйінің бастығы орын тауып бере алмапты.  Саясат Бейбіттің  айтуынша, Майқұдықтың мәдениет үйінде өнер мен мәдениетке қатысы жоқ бизнес өкілдеріне жалға бірнеше орын беріліп қойған. Тіпті тырнақ күтіміне арналған сән салоны, ментальді арифметика, иога, фитнес клуб, пошта, спорттық үйірмелерге дейін осы мәдени ошақта орын тепкен. Саясат Бейбіт мәдениет үйін басшылық бизнес нысанына айналдырып жіберген деп қынжылады.

«Бұл мәдениет үйінде қырық шақты кабинет бар шығар. Соның жиырмадан астамы бос емес, оның нешеуі жалға берілгенін білмейміз. Негізі біз балаларға арнап тегін үйірме ашсақ деп ойлағанбыз. Тегін қызмет көрсеткен соң біз кабинетті жалға алу құнын төлей алмаймыз. Сол себепті мұндағы басшылық бізге орын бергісі келмей отыр», - дейді «МӘЛІМ» сайтының Қарағанды облысындағы тілшісіне Саясат Бейбіт.

Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің басшылығы мұндағы 23 кабинеттің бизнес өкілдеріне жалға берілгенін растап отыр. Жақында ғана мәдениет үйіндегі сән салонын жапқызып, олардан құтылыпты.

«Сән салонына ескерту жасалып, басқа жерге ауыстырылды. Сол сияқты пошта, балаларды оқыту тәрізді қызметтерге берілген. Оларға ескерту жасадық. Жалға алып отырғандардың бағыты өнер болуы керек, егер олай болмаса біз олармен қоштасамыз. Ал жалпы мұндағы жұмыстың басым бөлігінің бағыты өнер мен мәдениет», - дейді Жаңа Майқұдық мәдениет үйі директорының орынбасары Саят ТҰЯҚБАЕВ.

Мәдениет үйінен орын таппаған өнер ұжымдарын соңғы рет барғанда мәдениет үйі басшылығы «орын босап қалса» хабарласамыз деп шығарып салған. Саясат Бейбіт өтінішімізді қабыл алмаса тағы жоғарыдағыларға шағымданамыз деп отыр.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Фотоларды автор ұсынды.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025

Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

19.01.2025
MalimBlocks
Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады

Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

Жылқы иелері шығынға ұшырадық деп шағымданып жатыр