«Қолғапты шегеге ілетін уақыт келді»: Тайсон Канелоға кеңес берді
Әйгілі боксшы Майк Тайсон мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) сенсациялық жеңілісінен кейін мансабын аяқтау туралы ойлануға кеңес берді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Тайсон рингтегі оқиғаларды Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында тамашалады. Бокс 2 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Бивол жеңіске жетіп,
«Егер сіз рингке шықсаңыз және қорықпасаңыз, онда қолғапты шегеге іліп қоятын уақыт келді» – деп жазды Тайсон өзінің әлеуметтік парақшасында.
Айта кету керек, бұл Канело үшін екінші жеңіліс, ал Бивол әлі жеңілмеген.