Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал боксшы Крис Алгиери Әлімханұлын төмен бағалады

Спорт
Танымал боксшы Крис Алгиери Әлімханұлын төмен бағалады

Кәсіпқой бокстан экс-әлем чемпионы Крис Алгиери мен Пол Малиняджи орта салмақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Крис Алгиери ақпан айында WBC чемпионы Карлос Адамес пен британдық Хамза Шираздың арасында керемет кездесу болады деп болжады.


Бұған дейін Шираз WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеу иегері, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартқан.

«Менің осы дивизиондағы ең қатты күтетін жекпе-жегім болмақ. Бұл салмақта көшбасшылардан Жәнібек Әлімханұлы бар. Көбісі Жәнібекті үздік деп айтып жүр. Бірақ маған Карлос Адамес ұнайды. Ол жаңа салмаққа көтерілгеннен бері жақсы жұдырықтасып жүр. Жартылай орта салмақтағы кездесулерін көргенмін. Аз уақыттың ішінде қатты өзгерген. Өз-өзіме сене алар емеспін. Карлос бұрын өз қабілетін тұншықтырған болса, қазір мүлдем басқа адам. Сондықтан Адаместің жекпе-жегін көруге асықпын», - дейді Криса Алгиери Boxingscene басылымына берген сұхбатында.

Фото: wboboxing.com  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу