Үлкен теннис: Заңғар Нұрланұлы ITF J100 турнирінің чемпионы атанды

Бұл жас теннисшінің биылғы үшінші титулы

Мәди Саматұлы

  • 08.12.2024

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисшіміз финалда нидерландылық, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездескен.

Нәтижесінде Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді.

Айта кетейік, бұл қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Байланысты жаналықтар

Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

08.05.2025

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

05.05.2025

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

28.04.2025

Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

12.03.2025

Australian Open: Рыбакина мен Путинцева үшінші айналымға жолдама алды

16.01.2025

Алматы облысында теннис корты өртенді

14.01.2025
MalimBlocks
Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілімен кездеседі

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Жібек Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Александр Бублик Мадридтегі турнирде әлемнің сегізінші ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына шыға алмады

Australian Open: Рыбакина мен Путинцева үшінші айналымға жолдама алды

Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина америкалық, 17 жастағы Ива Йовичті жеңді

Алматы облысында теннис корты өртенді

Өрт аумағы мың шаршы метрден асқан