Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің былығы. Мәдениет министрлігі комитетті сотқа бермек

Сурдлимпиада комитеті Қазақстан заңнамасына қарамастан, өз тарапынан бірқатар спортшыны жарысқа апарған

Malim Админ

  • 06.05.2022

Сурдлимпиада ойындарына қатысты шу шықты. Еске салайық, дау Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында спортшы Еркебұлан Қанафин ұтып алған алтын медальге қатысты болып отыр.  Біздің Спорт комитеті бұл жайында хабар да таратпаған.

Құрама бапкерінің айтуынша, халықаралық төрешілер жеңісті мойындағанына қарамастан спорт комитеті өз құрамасының медаліне наразылық танытқан.  Бұл жөнінде Қазақстан Спортшылар одағы БАҚ өкілдеріне хабар таратты. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құраманың Сурдлимпиададағы ойынына қатысты ресми мәлімдеме жасады.  

Жазғы Сурдлимпиадаға ұлттық құрама командадан 59 спортшы қатысып жатыр. «Алайда Сурдлимпиада комитеті Қазақстан заңнамасына қарамастан, өз тарапынан бірқатар спортшыларды, оның ішінде Еркебұлан Қанафинді жарысқа апарған. Қанафин бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ. Осыны ескерместен Ұлттық Сурдлимпиада комитеті Е.Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды» дейді ведомство.

Министрлік ұлттық құрама команданың тізімін жасағанда  81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын. Заңсыз әрекетке байланысты Министрлік ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек.   

Байланысты жаналықтар

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

09.03.2023

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

02.03.2023

Боччаны білмейтіндер көп  

26.02.2023

Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

10.02.2023
MalimBlocks
Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

Ол сотқа келмей қалған

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

Ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді

Боччаны білмейтіндер көп  

Бес жылдан бері қолға алынған

Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

Бұған дейін Айдын Кенжебаевтан басқасы үйқамақта болған