«URKER-2021» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

Malim Админ

  • 24.06.2021

Елордадағы Қазмедиа орталығында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.

Ең алдымен «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі жеңіске жетті. Марапатты ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті. Сонымен бірге, «BaigeNews.kz порталының журналисі Әнуар Әбдірахманов «Жылдың үздік репортажы» номинациясында жеңімпаз атанды. Сыйлықты «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат табыс етті. «Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымында «Ақиқат» журналының қызметкері Дина Имамбаева озық деп танылды. Жеңімпазды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қаппарова жариялады. Ал «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясында «Семей таңы» газетінің тілшісі Риза Молдашева жеңіске жетті. Марапатты тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Ақпарат мминистрі, мемлекет және қоғам қайраткері, журналист Қуаныш Сұлтанов табыстады. «Жылдың үздік газеті» марапатын «TÚRKISTAN» халықаралық саяси апталығына журналист, ҚР Журналистер академиясының академигі Александр Тараков табыс етті. «Жылдың үздік танымдық материалы» аталымында Massaget.kz порталынан Өмірбек Сансызбаев озып шықты. Жүлдені Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Салтанат Аманова берді. «Жылдың үздік журналистік зерттеуі» жүлдесін «Aiqyn» газетінен Рысбек Қыдырбек жеңіп алды. Ал «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымында – «NS» радиосы «Новое утро» бағдарламасы таңдалып алынды. newsroom.kz порталының фотосуретшісі Мақсат Шағырбаев «Жылдың үздік фотосуреті» аталымында үздік атанды. Марапатты табыстау мәртебесі «URKER» бәйгесінің былтырғы жеңімпазы, экобелсенді Сәкен Ділдахметке берілді. «Forbes Kazakhstan» ұжымы «Жылдың үздік журналы» атанды. Сыйлықты ақын, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы берді. «Жылдың үздік сұхбаты» жүлдесін Vlast.kz порталының журналисі Тамара Вааль жеңіп алды. Жеңімпаз есімін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының төрағасы Ләззат Танысбай жариялады. Сонымен бірге, «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің арнайы жүлдесі «Қазақ радиосы» ұжымына берілді.

«Байқаудың арнайы жүлдесін анықтау біз үшін үлкен мәнге ие. Бұл жүлдені алып отырған ұжымның орны бөлек десе де болады. Бір ғасыр бойы халықты үздіксіз ақпаратпен және ұлтымыздың әні мен жырын, мәдениетін халыққа жеткізіп отырған еліміздің бас радиосы – «Қазақ радиосына» беріледі. Қазақ радиосы ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің радиосы мыңжылдықтар бойы қазақтың үнін жеткізе берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Барлық жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды. Айта кетейік, «URKER-2021» Ұлттық бәйгесі биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, оған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясы қосылды. Журналистерден жалпы саны 340 жұмыс келді, ал үздік жұмыстарды беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мен халықаралық медиаэксперттерден құралған қазылар алқасы анықтады. Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған. Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Қазмедиа орталығы» БК. Шара демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

23.03.2025

Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

23.03.2025

Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

23.03.2025

«Футбол бұл бизнес емес». Бас бапкер Уэльстен жеңілуіміздің себебін түсіндірді

23.03.2025

Футболдан ұлттық құрама мүшелері 100 пайыз ораза ұстайды

22.03.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен үйлену мерзімі туралы ой бөлісті

Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

Бұл әлемдік футбол додасына іріктеу бойынша алғашқы матч

«Футбол бұл бизнес емес». Бас бапкер Уэльстен жеңілуіміздің себебін түсіндірді

Футболдан ұлттық құрама мүшелері 100 пайыз ораза ұстайды

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген