Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Спорт
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы рингке оралу мақсатында қызу дайындықты бастап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мен жаттығуды бастап кеттім! Жақында жекпе-жек болады!», — деп жаңалығымен бөлісті Жәнібек.

Еске сала кетейік, осы аптада Әлімханұлының өкілдері, Top Rank промоутерлік компаниясы, Жаңа Зеландиялық үміткер Андрей Михайловичпен болатын міндетті титул қорғауын өткізу құқығына No Limit Boxing компаниясымен өткен саудада жеңіліп қалды.

Жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Бастапқыда олардың кездесуі шілде айында өтуі тиіс еді, бірақ Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды.

Фото: @janibek_alimkhanuly

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу