Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-да 5 мың адам әлеуметтік көмектен қағылған

Құқық
СҚО-да 5 мың адам әлеуметтік көмектен қағылған

Прокуратура органдары қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегендіктерін, құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады.    


СҚО прокуратурасының мәліметінше, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы 5 мың маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек төленбеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп жатыр.

Нәтижесінде, қабылданған шаралармен ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқығын қорғауға қол жеткізілді.

Фото: Ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу