Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да есірткі өндіретін астыртын зертхана жұмыс істеп тұрған

Құқық
ШҚО-да есірткі өндіретін астыртын зертхана жұмыс істеп тұрған

ШҚО-да синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан астыртын зертхана әшкереленді. Бұл заңсыз жұмысты Еуропа елдерінің азаматтары ұйымдастырған. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.

Зертхана қызметін облыстық прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық қауіпсізік департаменті анықтаған.

Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакетте жалпы салмағы 125 келіден астам мефедрон, 500 литр прекурсор, сондай-ақ тәулігіне 30 келіге дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді. 

Сот санкциясымен екі шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: kaztag.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу