freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-да құмар ойындарға әуес 9 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

Қоғам
СҚО-да құмар ойындарға әуес 9 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды
Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойындарға қатысқан 9 мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Олардың әрекеті қызметтік әдеп нормаларын өрескел бұзу ретінде бағаланған, деп хабарлайды Malim.kz qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми дерекке сәйкес, өткен жылы Тайынша, Ақжар және Есіл аудандары әкімдіктерінде жұмыс істеген 6 қызметкер лудоманияға байланысты қызметінен шеттетілген. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 3 мемлекеттік қызметкер дәл осы себеппен жұмыстан шығарылған.

Ведомство өкілдері құмар ойындарға тәуелділік мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселеге айналып отырғанын атап өтті. Олардың айтуынша, бәс тігу мен казиноға әуестік тек қызметкер беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де арттыруы мүмкін.

Осы жағдайлардан кейін өңірде мемлекеттік қызметшілер арасында лудомияның алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар күшейтілген.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкердің әдеп нормаларына қайшы әрекеттері, соның ішінде құмар ойындарға қатысуы тәртіптік жауапкершілікке және қызметтен босатуға негіз бола алады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу