Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тасқыны: Бір реттік төлем алған отбасы саны 16 мыңнан асты

Қоғам
Су тасқыны: Бір реттік төлем алған отбасы саны 16 мыңнан асты

Үкімет тарапынан берілетін көмек жалғасып жатыр. Бұл туралы үкіметтің телеграм каналы хабарлады. 

Мамырдың 4-күнгі дерек бойынша, су басқан аймақтардың 16 мың 168 отбасы жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгені құрайтын біржолғы төлем алған. Әр отбасыға 100 АЕК көлемінде көмек қарастырылған. 

Ал арнайы құрылған өңірлік комиссияға жәрдем алу үшін өтініш өткізгендер саны – 24 мың 835. Мал шығынын өтеу үшін мемлекет тұрғындарға 916 миллион теңгеден астам қаржы берген. 

Су тасқыны салдарынан бүлінген 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2 мың 845 нысанды бағалау жүргізіліп жатыр. 530 отбасына үйін жөндеуге немесе қайта қалпына келтіруге деп 696 миллион теңге қарастырылған.

Тасқын келтірген залалды есептеу әлі де жалғасып жатыр.
Фото: Үкімет
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу