Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Саясат
Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін кейінге шегеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.Соның ішінде, наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдер де бар. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек төлей алады, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды. Тұтынушылар тарапынан сұрақ бар болса, комитеттің сайтындағы нөмірлерге хабарласу керек.

Фото: gkhsp.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу