Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Суданда балабақша мен ауруханаға жасалған шабуылдан ондаған адам қаза тапты

Әлем
Суданда балабақша мен ауруханаға жасалған шабуылдан ондаған адам қаза тапты
Фото: Sarah Vuylsteke/NRC/AP Photo/picture alliance

Суданда қарулы топтардың дрондар арқылы жасаған шабуылы салдарынан ондаған бейбіт тұрғын, оның ішінде балалар қаза тапты. Оқиға Оңтүстік Кордофан провинциясында болды. AFP агенттігіне мәлімет берген Калоуги әкімшілігінің басшысы балабақша мен аурухананың атқыланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

ЮНИСЕФ 5 желтоқсандағы дерек бойынша, 5-7 жас аралығындағы 10-нан астам бала қаза тапқанын мәлімдеді. Ал Суданның Сыртқы істер министрлігі 43 баланың ажал құшқанын, жалпы құрбандар саны 79 адамға жеткенін жариялады.

Жергілікті билік шабуылға Жедел әрекет ету күштері (RSF) мен онымен байланысты SPLM-N көтерілісшілер тобын айыптады.

Әкімшілік өкілінің айтуынша, әуелі балабақша, кейін аурухана, содан кейін балаларды қауіпсіз жерге алып кетуге тырысқан тұрғындар нысанаға алынған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу