Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент әкімі Берденовке жасалған шабуыл туралы алғаш рет пікір білдірді

Құқық
Шымкент әкімі Берденовке жасалған шабуыл туралы алғаш рет пікір білдірді
СЦК/мәжіліс кадрларынан коллаж

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл туралы алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Брифингте журналистер Сыздықбековке әлеуметтік желіде жұршылық Берденовке жасалған атыстан кейін пікір білдірмегені үшін қатал деп айыптағанын еске салды.

"Мұның қаталдықпен не қатысы бар? Мен әкім ретінде қылмыстық немесе әкімшілік процестерге, кез келген басқа процеске араласуға құқым жоқ. Бұл үшін арнайы органдар бар. Сот шешімін қабылдады. Мен ештеңе айта алмадым, өйткені адамдар өз жұмыстарын атқарды. Әрине, бұл ең алдымен процестің өзіне кедергі келтірер еді. Және мен оны хейтпен байланыстырмаймын. Ондай ешқандай хейт болған жоқ. Мүмкін, біреу бірдеңе айтқан шығар", – деді қала басшысы.

Оның айтуынша, Шымкентте 2 миллионнан астам адам тұрады және әрқайсысының түрлі оқиғаларға өз көзқарасы бар. 

"Әрқашан біреу бірдеңе жазады, уақыты бар адамдар болады. Сондықтан мен сіздер айтқандай хейт болғанын мойындай алмаймын. Қауіпсіздік күшейтілді. Арнайы полиция бөлімі күзетіп жатыр, бәрі тиісінше ұйымдастырылды", – деп түйіндеді Сыздықбеков.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу